Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026 жылы Қазақстанда стипендия мөлшері қандай болады?

2026 жылы Қазақстанда стипендия мөлшері қандай болады?

MidjourneyҒылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда студенттер, магистранттар мен докторанттарға арналған мемлекеттік стипендия мөлшері қандай болатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомствоның Tengrinews.kz ресми сұрауына берген жауабы бойынша, Үкімет қаулысына сәйкес мемлекеттік стипендия мөлшері мынадай болады:
бакалавриат студенттеріне - 52 372 теңге;
педагогикалық мамандықтар бойынша оқитындарға - 84 000 теңге;
магистранттарға - 117 098 теңге;
докторанттарға - 262 500 теңге.
Бұдан бөлек, мемлекеттік стипендияның артық мөлшері де көзделген.

Атап айтқанда, көру және есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар тұлғаларға базалық сомадан 75 пайызға көп төленеді.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғаларға 50 пайыздық үстемақы қарастырылған.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер мен магистранттар стипендияны 30 пайызға жоғары мөлшерде алады.
Оқу үздіктеріне арналған үстемақы 15 пайыз болады.
"2026 жылы стипендия мөлшерлері мен түрлеріне қатысты қаулыға өзгерістер енгізілмеген", - делінген министрлік жауабында.

17 қазан 2025 ж. 209 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031