Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім ордаларына бақылау жүргізілді

Білім ордаларына бақылау жүргізілді

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов өңірдегі білім беру сапасын арттыру және оқу орындарының қысқы маусымға дайындығын пысықтау мақсатында Қазалы қаласындағы бірқатар мектептерді аралады.
Сапар барысында аудан басшысы М.Горький атындағы №16, Ғ.Мұратбаев атындағы №17 және Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектептердің жұмысымен танысып, оқу үдерісінің ұйымдастырылуы мен материалдық-техникалық базасына назар аударды.
Аудан әкімі алдымен аталған білім ошақтарындағы бу қазандықтарының жұмысын тексеріп, жылу беру маусымының еш кедергісіз өтуі қажеттігін атап өтті. Бұл ретте жауапты мамандарға жылыту жүйесінің тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.
Мектептерді аралау барысында Алмасбек Әбілқасымұлы оқу орындарының асханалары мен спорт залдарының жағдайын да бақылады. Ол мектеп директорларына оқушылардың күнделікті ас мәзірінің сапасына, асхананың санитарлық тазалығына және балалардың дұрыс тамақтануына ерекше мән беруді тапсырды.
Сонымен қатар аудан әкімі сынып бөлмелерінің қажетті оқу жабдықтарымен қамтылуын, білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды және мектеп ауласындағы көркейту-көгалдандыру, тазалық шараларын қадағалау қажеттігін атап өтті. Анықталған кейбір кемшіліктер бойынша тиісті ескертпелер жасалып, оларды жою жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Білім ордаларын аралау барысында аудан басшысы М.Горький атындағы №16 мектептің жанында орналасқан №1 Қазалы қалалық кітапханасына да арнайы ат басын бұрды. Қазіргі таңда кітапханада жалпы 42 142 дана кітап қоры бар, ал «Алтын қорда» 78 сирек басылым сақталған. Солардың ішінде ең көне кітап – 1861 жылы славян тілінде жарық көрген «Үстел сөздігі».
Айта кетейік, бүгінгі таңда кітапхана орналасқан ғимараттың тарихы тереңде жатыр. 1912 жылы салынған бұл нысан кезінде қазақтың біртуар перзенті, шығыстың жарық жұлдызы Ғани Мұратбаев білім алған №16 мектептің ескі ғимараты болып табылады.
А. ЖҮСІПОВА
18 қазан 2025 ж. 219 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 13

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031