Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңғырығы жадымызда

Жаңғырығы жадымызда

Желтоқсан көтерілісіне биыл отыз төрт жыл толды. Сірескен сеңді бұзып, кеңестік жүйенің қыл бұрауын қиған осы оқиға тәуелсіз елдің тарихынан ойып тұрып орын алғаны сөзсіз. Азаттық жолында алаңға шығып, басын бәйгеге тіккен сол кездегі балаң жастар қазір арамызда жүр. Өскелең ұрпақ ұлт бостандығын ұранға айналдырып, жан беріп егемендікті алып берген ерлердің есімін жадында жаттап өскені абзал. Жыл сайын желтоқсанның 16 жұлдызы осы оқиғада қыршын кеткен аға-әпкелердің рухын еске алып, тағзым ету баршаға ­парыз.
1986 жылы 16-17-18 желтоқсан күндері жастар Л.И.Брежнев атындағы алаңға жиналды. Оған себеп 16 желтоқсан күні өткен Қазақстан Орталық Партия Комитетінің пленумында бірінші хатшы болып Колбиннің сайлануы. Жастар пленум шешімін өзгертуді талап етті.
Ашынған жастарды көтеріліске қатысуға шақырып 5000-ға жуық адам Алматы көшелерінде үгіт жүргізді. Алаңға 18 желтоқсан күні 20 мыңға жуық жастар жиналған. Оларға қарсы Ташкент, Тбилиси, Мәскеуден арнайы әскер келді.
Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген. Алматы түрмесіне сыймағандықтан қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған. Деректерге сүйенсек, 1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне байланысты 99 адам сотталған. Ұлтшылдығы үшін, нәсілге бөлгендері үшін және көпшілікпен бірге тәртіпсіздікке қатынасқандары үшін – 78 адам, әдейі кісі өлтіргені үшін екі адам, адам өлтіруге ұмтылғаны үшін 2 адам, ал басқалары әртүрлі қылмыс жасағандары үшін жазаға тартылыпты. Бостандықтан айырылғаны – 82 адам, өлім жазасына кесілген – 2 адам, 15-і шартты түрде сотталды.
Бұл сұмдық шеруді басу үшін Алматы гарнизонында 5700 адам сақадай сай тұрған. Одан басқа Мәскеу ішкі істер министрлігінің арнаулы әскер бөлімшелерін жіберген. Алматыдағы – №5443, №7552 әскери бөлімшесін, Алматы облысындағы Қара-Темірден – №6654 бөлімшені, Фрунзеден – №3450 бөлімшені, Ташкенттен – №3408 және №5432 бөлімшелерді көтерілісті басып-жаншуға дайын ұстаған.
Демонстрацияға қатынасқандарды қуып жіберу туралы арнаулы жоспар жасалған. Бұл жоспарға «Метель – 1986» деген код берілген. Ол ССР Ішкі істер министрлігінің 1985 жылғы 19 желтоқсанда берілген №0385 бұйрығына сәйкес жасалған.
Қазақстанда бұл жоспардың атын өзгертіп басқаша аталған. «Қазақ ССР-ы Ішкі істер органдары және оған берілген қоғамдық тәртіпті қорғау және республикада, Алматыда жедел жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасайтын істің жоспары» деп жоспар атауы өзгертілген.

"ҚАЗАЛЫ"ақпарат
16 желтоқсан 2020 ж. 2 038 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031