Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар өтініші назардан тыс қалмайды

Тұрғындар өтініші назардан тыс қалмайды

Елде мемлекет пен халық арасындағы байланысты күшейту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Биліктің ашықтығы мен халыққа жақындығы артып, азаматтардың талап-тілегі тікелей тыңдалуда. Жақында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов тұрғындардың бірқатар мәселелеріне сәйкес Әйтеке би кентіндегі көп қабатты тұрғын үйлерді аралап, ондағы мәселелердің шешілу жолын қарастырған болатын.
Алдымен тиісті сала басшыларымен бірге Мелиоратор мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерді аралады. Аудан әкімі Әйтеке би кентінің әкімі мен жауапты сала басшыларына мөлтек аудандағы тұрғын үйлердің бірқатарының төбе шатырын ауыстыру, ішкі көшелерге асфальт төсеу, жаяу жүргіншілер жолын салу сынды жұмыстарға арнайы жоба әзірлеп, бұл жұмыстарды үйлестіруді тапсырды.
Сонымен қатар кент әкіміне мөлтек ауданның тазалық жұмыстарына да қатысты тапсырмалар берді. Алмасбек Әбілқасымұлы мөлтек ауданнан кейін В.Счастнов және Желтоқсан көшелерінің бойындағы көп қабатты тұрғын үйлердің жағдайымен танысып, тұрғындармен кездесті. Көпқабатты үйдің тұрғындары аудан басшысына үйлердің сыртын әрлеу, ауласына тротуарлар орнату, асфальт төсеу, кәріз жүйесін салу, подъездердің есіктерін жөндеу сияқты мәселелерді жеткізді.
Одан бөлек, кейбір тұрғындар жаңбыр жауған уақытта пәтердің төбесінен су ағатынын айтып, шатырды жөндеу туралы ұсынысын айтты. Аудан әкімі тұрғындардың айтқан әрбір ұсынысы орынды, алайда бюджеттің мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен шешілуіне жұмыс жасалатынын жеткізді. Соған сәйкес, тиісті сала басшыларына бірінші кезекте көп қабатты тұрғын үйлердің есіктері мен шатырын ауыстыруға, сонымен қатар қоқыс жәшіктерін орнату жұмысын қолға алуды тапсырды. Одан бөлек, Желтоқсан көшесінің бойындағы көп қабатты үйлердің тұрғындарына алдағы уақытта әжетхана мен кәріз жүйесі мәселесін шешу бойынша жұмыстар қолға алынатынын айтты.
А.АЙДАРҚЫЗЫ
18 қазан 2025 ж. 240 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 12

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031