Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елді мекенді таза ауызсумен қамту жұмыстарын көрді

Елді мекенді таза ауызсумен қамту жұмыстарын көрді

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Қазалы ауданында елді мекендерді таза ауызсумен қамтамасыз ету бағытында бірқатар жобалар жүзеге асуда. Солардың бірі Сарыбұлақ елді мекенінің тұрғындарын ауыз сумен қамту жобасы.
Аудан орталығынан 120 шақырым қашықтықта орналасқан ауылда жүзеге асып жатқан жобаның басты мақсаты – тұрғындарды
сапалы әрі таза ауызсумен қамтамасыз ету. Осы мақсатта мердігер «CК Дәнекер» ЖШС тарапынан су тұщытқыш қондырғысы орнатылып, сыйымдылығы 100 текше метр болатын екі су сақтау резервуары мен насостық тарату станциясы арқылы автономды су желісі тартылуда. Сондай-ақ ауыл ішіне су құбыры жүргізіліп, екі скважина бұрғыланып, темірбетон құдықтар мен қоршаулар орнатылды.
Құрылыс жұмыстарымен аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Нұрғиса Жалғасбаев және аудандық мәслихат депутаты, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Райымбек Бөлебаев танысты. Олар мердігер өкілдері мен сала мамандарымен пікірлесіп, жобаны сапалы әрі мерзімінде аяқтау бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

17 қазан 2025 ж. 258 0

Наурызнама: Жаңару күні

19 наурыз 2026 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031