Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Құдалар қыз жасауын түйе мен ат арбаға салып...

Құдалар қыз жасауын түйе мен ат арбаға салып...

Әлеуметтік желіде ерекше әдемі құдалықтың видеосы тарады. Қазақ халқының ежелгі дәстүрінің жағырғанына бәрі қуануда. Қазақтың қара домбырасымен әндетіп, қыз жасауын түйе мен ат арбаға салып келген құдалардың әрекеті дүйім жұртты тәнті етті, деп жазады. Қыз жасауын түйе мен ат арбаға салып келген құдалар дүйім жұртты тәнті етті.

Желіде тараған видеода қыз берген жақтың қалыңдық жасауын түйе мен ат арбаға салып, домбырамен әндетіп келе жатқаны бейнеленген. Бұл ерекше құдалық әрине желі қолданушыларының назарына ілінбей қалмады. Олар қазақтың салт-дәстүріне сай жасау әкелген той иелерінің әрекетіне тәнті болып, ыстық лебіздерін білдіруде.

Қыз жасауын түйе мен ат арбаға салып келген құдалар дүйім жұртты тәнті етті

«Өте адемі. Ешқандай да ысырапшылық емес, қазақтың домбырасымен, әсем әнімен, әдемі оюларымен жарқырап келіп, салт-дәстүрді жаңғыртып жатыр, жарайсыздар!

Той болсын, осындай тойға жете берейік, жастар бақытты болсын, біздерге де қыздарымызды абыроймен шығарып салуды нәсіп етсін.
Көлікпен əкелгенше осылай түйемен əкелген күшті ғой. Екі жас бақытты болсын,бізде осындай тойға жете берейік.

Қоржын құда келді, ертеде қоржын құданы ерекше күткен, несі бар әдемі көрініс»,- деген пікірлер қалдырған желі қолданушылары.

04 мамыр 2019 ж. 2 740 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30