Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Айтары бар азамат

Айтары бар азамат

Қазақтың Фаризасының: «Адам өсе келе ойы ұлғаяды, айтары көбейеді. Ақындардың жазушылыққа бой ұратын кезі де осы тұс», — дегені бар еді. Бұл кісіні көрсем, сол салихалы пайым ойыма оралады да тұрады. Ол ақын да, жазушы да,  филолог та емес, сөз өнеріне мүлде қатысы жоқ қаржы саласының майталман маманы. Бірақ саналы ғұмырында көпті көріп, көкейіне түйе білген жан.

Қазалыдағы қаржы мекемесінде жауапты қызметтер атқарған Кемал Көпжасардың есімі аудандық «Қазалы» газеті оқырмандарына жақсы таныс. Бұрын жұмыс істеп жүрген жылдары біздің басылымға деген көзқарасы мен пікірін ұдайы жеткізіп тұратын. Бақсақ, Кемал ағамыз жақсы сөйлеуге ғана емес, тәп-тәуір жазуға да бейім машықты болып шықты. Бұл дағдысын зейнет жасына шыққан соң онан әрі ширата түсті. Алғашында бірде телефон шалып, кейде редакцияға келіп: «...Мынандай мәселе болып жатыр. Саясатқа «томпақ» келмесе, жазғандарың мақұл. Біз, ардагер атымызбен ел ішіндегі көлеңкелі көрініске болып жатқан жайға бейжай қарасақ, ұрпағымыздың алдында ұятқа қаламыз», — деген көзқарасын білдіріп жүрді. Біздің журналистер аталған жайды нысанаға алып, одан орынды сын, мазмұнды мақала шықты. Кейін газеттің қарбалас жұмысынан қол босамағанда, бағытын түсіндіріп, айтылған жерге ағамыздың өзін жіберетінді шығардық. Сабырлы қалпынан таймайтын ол орын алған кемшілікті асықпай зерттеп-зерделеп, бізге басы-аяғы жұп-жұмыр материал әкеліп жүрді. Бос уақытында өзін толғандырған түрлі тақырыптарға қалам сілтеп, оқырман қауымға танылды. Осылайша «Қазалы» газетінің штаттан тыс тілішісінің біріне айналғанын өзі де байқамай қалды. Ендігі жерде бара қалған жағындағы қоғамдық пікірге құлақ түріп, көкейіне түюді дағдыға айналдырды. Тыныс азаматтар: «Кемал, сен баспасөзге жақын жүретінді шығардың. Жазғандарыңды жиі оқып тұрамыз...» деген ықыластарын айтып жатады.. Оның барлығы Кемал Молдабайұлының терең білімі мен ізденімпаздығы арқасында жеткен жетістігі.

Бір жолы қызықты жайт орын алды. Кезекті газет санына қазіргі кезде қоғамды алаңдатқан «қаржы пирамидасы» алаяқтығы туралы мақала дайындамақ болдым. Алғаш санама сап еткені Кемал Көпжасар болды. Салық, банк жүйесі, жинақтаушы қоры дейсіз бе, барлығы — Кемал ағамыздың жүріп өткен жолы. Адамын тапқаныма іштей масайрап қоямын. Ұзатпай, ағама қоңырау шалдым. Тұтқаны көтерген соң, тілегімді айтып едім, қысқа ғана: «Жақсы!» деп жауап қатты. Есепшілердің сөзге сараң келетінін сезініп өскендіктен, келісім алғаныма қуандым.

Арада бірер күн өткен соң қолында 5 парақ қолмен жазылған жазбасы бар Кәкең кабинетіме күле кірді. Бұған дейін әр жерден тақырыбыма орай аз-маз мағлұмат жинақтағаным бар еді. Ойым Кемал Көпжасардың пікірін беріп, толықтыру болатын. Бұл жолы жағдай жедел өзгерді. Мен күткен пікір емес, тұтас мақала дайындалған. Көріп таң-тамаша күйге ендім. Кәнігі журналисше жазылған талдамалы мақала сол күні аздап редакцияланып, кезекті санға ұсынылды. Кейін поштамызға аталмыш мақала туралы бірнеше оқырман пікірі түсіп, үн қосулар өрбіді.

Тағы бір айтарымыз, редакцияға бас сұққан сәтінде — біздің шығармаларымыздың жақсы тұстарын ерекше атап өтіп, кейбіріне «мынаны да қосқаныңда болар еді» деген шынайы жанашырлығын да жасырмайды. Ондайда: "Қазіргі журналистердің көбі сын жанрын қозғаудан бойын аулақ ұстайды. Кемшілік айтылып, қоғамдағы мін түзеліп жатса, бұл орынды іс деп ойлаймын. Оның мақсаты — біреуді жамандау, жасалып жатқан жұмыстың барлығын жоққа шығару емес, айналамызды, ата-бабамыздың аманаттаған рухани құндылықтарын бағалауға бағыттау деп сезінген дұрыс", — дейді көкейіндегісін жеткізіп.

Осындай кеудесі қазынаға толы Кемал аға әр кезде аудандағы қараусыз нысандар, абаттандыру, инфрақұрылым жүйесінде жасалып жатқан жұмыстар, ысырапшылдық секілді мазмұны алуан тақырыптарды қаламына тиек етіп келеді. Төл басылым — «Қазалының» мерейлі мерекесі қарсаңында газетімізге өз үлесін қосып жүрген айтары бар азаматқа біз де шалқар шабыт тіледік
 Алтын ҚОСБАРМАҚОВА.
06 қаңтар 2019 ж. 1 307 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930