Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақыт жайлы не білесіз?

Бақыт жайлы не білесіз?

Соңғы уақытта аудандық «Қазалы» газеті оқырмандарға тәрбиелік маңызы зор дүниелерді жиі ұсынып келеді. Басылым бетіндегі газет тілшілері мен авторлары жазған мақалаларды қызыға оқып, әрбір нөмірін асыға күтемін. Өзім де кейде қолға қалам алып, қиял жетегіне ерік беретінім бар.
Жақында достарыммен болған бір отырыста «бақыт» деген ұғымның ұштығы шығып, терең пікір алысуға ұласты.
Шындығында бақытты біреу ұшқан құсқа, біреу осы дүниелік байлыққа, біреу қолындағы билігі мен мансабына теңеп жатады.
Мен соның ішінде соңғы буын ұрпаққа қайран қаламын. Олардың көпшілігінің санасында «рахат өмір», бақытын дүниеден іздегендердің қатары көбейіп келе жатқандай. Қазіргі кейбір жастар ауыр еңбектен қашқақтап аз күш жұмсап, мол табысқа жетуді көздейтіні жасырын емес.
Қазақта «Әкенің малы балаға мал болмас» дейтін тәмсіл бар. Әкеден қалған малға жаны ашымай оңды-солды жұмсап, аз ғана уақытта жоқ қылатындардың талайын көзіміз көріп жүр. Бұл ретте «Еңбек қылмай тапқан мал, дәулет болмас, қардың суы секілді тез суалар» – деген данышпан Абайдың ұлағатты сөзі еске оралады.
Жалпы қайырлы байлықтың, бақыттың кілті – тек қана еңбекте екеніне ешкімнің таласы болмас деп ойлаймын. Алайда бүгіндері материалдардық игілікті бәрінен жоғары қоятындар көбейіп тұр. Ондайлардың кеудесінде «Ақшаң болса бақытты да сатып алуға болады» дейтін түсінік қалыптасқанға ұқсайды.
Осындайда Жиренше шешен салтанатты Хан сарайынан қырық жамау лашығына оралғанда «Қайран, менің өз үйім – кең сарайдай боз үйім» деп өзін бақытты сезінгені ойға оралады.
Қытай мен Үндістан аралығында орналасқан Бутан патшалығы – Бақыт министрлігі жұмыс жасайтын әлемдегі жалғыз ел көрінеді. Бутанда әр азаматтың бақытты болуына жағдай жасауды конституциясында бекіткен. Мұнда жалпы ішкі өнім көрсеткіші – «бүкіл халықтық бақыт» болып есептелінеді екен. Зерттеушілердің айтуы бойынша, ормандары оталмайтын, өнімдеріне химиялық тыңайтқыш қолданылмайтын, жануарларын өлтіруге қатаң тыйым салынған бұл патшалық өзін-өзі киіммен, азық-түлікпен толық қамтамасыз етеді. Тұрғындары ақжарқын да қонақжай келеді екен.
Зерттеушілердің пайымдауынша, әр адамның бақыт туралы түсінігі әр түрлі. Сол секілді әр ұлттың да бұл бағыттағы көзқарасы әр қилы көрінеді. Деректерге сүйенсек, БҰҰ-ның 2017 жылғы «Әлемдегі бақытты елдер» баяндамасы бойынша бақыт бағыты 6 фактор бойынша анықталады. Атап өтсек, мемлекеттің адам басына шаққандағы табысы, мемлекеттік әлеуметтік қолдау, салауатты өмір сүру ұзақтығы, өз ойыңды ашық айта алатын әлеуметтік еркіндік, халықтың жомарттығы мен қайырымдылығы, сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендігі.
Жоғарыдағы талаптар тұрғысынан Норвегия бірінші орында тұрса, неше жылдан бері бірінші болып келген Дания екінші орынға түскен. Ал жемқорлықпен күресте 176 мемлекеттің арасынан Дания бірінші орынға шыққан.
Дүниедегі 4 мыңнан аса этностардың ішінде 200-нің ғана мемлекеттілігі жарияланған. Сондықтан тәуелсіздікке қол жеткізген, жастарына жағдай жасап, білімге, ғылымға, спортқа, мәдениетке, әлеуметтік жағдайға көңіл бөлініп, бейбіт күнде өмір сүріп жатқан елде тұратын біз бақыттымыз деп ойлаймын.
«Еңбек қана адам жанын жарқындылық пен жарастылыққа, өзін-өзі ризалық сезімге бөлеп, бақытты ете алады» – депті орыс философы В.Г.Белинский. Шындығында «бақытты болу» деген ұғым, адамгершілік формасында өмір сүріп, адал еңбек етсеңіз, жақсылыққа жаныңыз құмар, қанағатшыл, тағы басқа да жақсы қасиеттеріңіз болса, сәулесі өзіңізге түседі. Осы бақыт емес пе?!
Сіз қалай ойлайсыз?
Кемал КӨПЖАСАР,
қаржы саласының ардагері
11 желтоқсан 2018 ж. 1 537 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930