Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жеке тұлғалар несиелерін мерзімінен бұрын айыппұлсыз өтеуге мүмкіндік алады

Қазақстанда жеке тұлғалар несиелерін мерзімінен бұрын айыппұлсыз өтеуге мүмкіндік алады

Фото: pixabay.com
Қазақстанда жеке тұлғалар несиелерін мерзімінен бұрын айыппұлсыз өтей алады. Бұл бұрын жасалған келісімшарттарға да қолданылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, мерзімінен бұрын өтеу пайыздық шығындарды азайтып, қарыздан тезірек құтылуға көмектеседі. Бұл толық несие сомасын түгел жабу немесе жартылай жоспардан тыс қосымша төлем жасау түрінде болуы мүмкін.

Жартылай өтеу кезінде қарыз алушы:
ай сайынғы төлемді өзгертпей, несие мерзімін қысқарту;
немесе несие мерзімін сақтап, ай сайынғы төлемді азайтуды таңдай алады.
Банктер минималды сома, өтініш беру мерзімі, есептеу күндері сияқты мерзімінен бұрын өтеуге арналған өз ережелерін қоя алады. Сол себепті банкпен қайта есептеу, ақша шегеру, сақтандыруды қайтару және ипотекадағы шектеуді алып тастау мәселелерін алдын ала нақтылаған дұрыс.
2025 жылдың 31 тамызынан бастап мерзімінен бұрын өтеуге қатысты айыппұлдар жеке тұлғаларға қолданылмайды және тек заңды тұлғаларға ғана сақталады. Жаңа ереже барлық келісімдерге, оның ішінде бұрын жасалғандарға да қолданылады.
“Мерзімінен бұрын төлемдер қарыз жүктемесін азайтуға, қаржылық тұрақтылықты нығайтуға және кредиттік тарихқа оң әсер етуге көмектеседі. Мұндай шешім қабылдағанда өз қаржылық қорыңызды және қаражатты пайдаланудың басқа мүмкіндіктерін де ескерген жөн”, – делінген хабарламада.

02 желтоқсан 2025 ж. 141 0

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 119

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 115

Ізгілікті ұялатқан жүрекке

02 желтоқсан 2025 ж. 123

Күрежолдағы нысандар назарда

02 желтоқсан 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031