Қазақстанда бір ай ішінде 30-дан астам адам пара бергені үшін ұсталды
Қараша айындағы ҰҚК-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелері жарияланды

Фото: istockphoto.com

Фото: istockphoto.com
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылдың қарашасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жұмыстар бойынша кезекті есепті ұсынды. Бір й ішінде түрлі құрамдар бойынша 100 құқық бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тіркелген құқық бұзушылықтар
Қылмыстық кодекс баптары бойынша анықталған фактілер:
- 189-бап – сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу – 8 факт;
- 190-бап – алаяқтық – 15 факт;
- 194-бап – қорқытып алу – 1 факт;
- 195-бап – мүлiктiк залал келтiру – 1 факт;
- 206-бап – ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту – 1 факт;
- 249-бап – рейдерлiк – 2 факт;
- 361-бап – лауазымдық өкілетті теріс пайдалану – 11 факт;
- 362-бап – өкілеттіктерді асыра пайдалану – 4 факт;
- 364-бап – кәсіпкерлікке заңсыз қатысу – 1 факт;
- 366-бап – пара алу – 17 факт;
- 367-бап – пара беру – 33 факт;
- 368-бап – парақорлыққа делдал болу – 2 факт;
- 369-бап – қызметтік жалғандық жасау – 1 факт;
- 371-бап – салғырттық – 1 факт;
- 416-бап – дәлелдемелерді бұрмалау – 1 факт;
- 425-бап – тізімдемеге алынған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер – 1 факт.
Сотқа жолданған қылмыстық істер
Ай ішінде 24 іс сотқа жіберілді, оның ішінде:
- Алаяқтық (190-бап) – 10 іс;
- Ақшаны жылыстату (218-бап) – 1 іс;
- Пара алу (366-бап) – 3 іс;
- Пара беру (367-бап) – 8 іс;
- Жалған құжат жасау және өткізу (385-бап) – 2 іс.
Мемлекетке келтірілген залалдың өтелуі
Аяқталған қылмыстық істер бойынша 409,6 млн теңге көлеміндегі залал өндіріліп, мемлекеттік бюджетке қайтарылды. ҰҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмысын жалғастыратынын хабарлады.










