Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл әкімдері диалог-платформасында ауылды дамытудың негізгі бағыттары айқындалды

Ауыл әкімдері диалог-платформасында ауылды дамытудың негізгі бағыттары айқындалды

Өткен аптада Астана қаласында еліміздегі ауыл әкімдерінің кең ауқымды диалог-платформасы өткізілді. Осы маңызды саяси іс-шараға ауылдық округі әкімі ретінде қатыстым.
Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің рөлі мен міндеттеріне ерекше мән беріп, олардың жергілікті деңгейде халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартудағы жауапкершілігіне тоқталды. Президент ауылды дамыту мәселесін стратегиялық бағыт деп атап, ауыл әкімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, өкілеттілігін күшейту және жауапкершілігін нақтылау қажеттігін ерекше атап өтті.
Сөз барысында Қасым-Жомарт Кемелұлы ауыл әкімдерінің тікелей сайлау тәжірибесі мен оның тиімділігін бағалап, жергілікті бюджеттің дербестігін арттыру, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау, цифрландыру және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағыттарын нақтылады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке жаңа кадрларды тарту, әкімдердің есептілігін күшейту және жергілікті деңгейдегі өтініштерге жедел әрі сапалы жауап беру мәселелері де көтерілді.
Ауыл әкімдерінің диалог-платформасы мемлекет дамуының негізгі бағыттарына арналған панельдік сессиялармен жалғасты. Бұл сессиялар еркін форматта өтіп, әкімдер мен Үкімет өкілдері арасында тікелей диалог орнады. Вице-премьерлерден бастап бейінді министрлерге дейінгі орталық мемлекеттік органдардың басшыларына өз сұрақтарымызды қойып, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, ауыл шаруашылығын дамыту, өңірлік саясат, бюджет-қаржы саясаты, ауылдың цифрлық трансформациясы және мемлекеттік қызмет көрсету сияқты алты негізгі бағыт бойынша өзекті мәселелерді талқыладық.
Панельдік сессия барысында Отбасының цифрлық картасы бойынша өз сауалымды қойдым. Отбасының әл-ауқат деңгейін анықтап, санатын белгілеу кезіндегі есептілік жүйесін қайта қарау қажеттігі жөніндегі ұсынысымды айтып, бұл жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін жеткіздім.
Жалпы, бұл диалог-платформа ауыл әкімдерінің мәселелерді жоғары деңгейде талқылап, нақты шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін маңызды алаң болды. Іс-шара барысында ұсынылған идеялар мен стратегиялық бағыттар ауылдарды дамытуға жаңа серпін беріп, жергілікті басқару жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды міндеттерді айқындады.

Мүсілім Оңталап Кемаладинұлы,
Қызылқұм ауылдық округінің әкімі
02 желтоқсан 2025 ж. 141 0

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 112

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 110

Ізгілікті ұялатқан жүрекке

02 желтоқсан 2025 ж. 114

Күрежолдағы нысандар назарда

02 желтоқсан 2025 ж. 112

Желтоқсан көшесі жөнделуде

02 желтоқсан 2025 ж. 111

Құрылыста қарқын бар

02 желтоқсан 2025 ж. 114

Елес торыған үй

02 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031