Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазарларың көп болсын

Жазарларың көп болсын

Аудандық «Қазалы» газетінің өз алдына шаңырақ көтеріп, шыға бастағанына да 10 жылдың жүзі болып отыр. Аудан әкімдігінің қолдауымен ашылған басылымға белгілі журналист-ақын Жетіскен Мәкеналы марқұм алғашқы редактор болып, материалдық базасын нығайтып еді. Оның шығармашылық ісін қарымды қаламгер Шамша Айтуғанов жалғастырып, редакция ұжымын басқарғаны көпшілікке белгілі.
Содан бері «Қазалы» газеті аудан, ел жаңалықтарын, Елбасының саясатын халық арасында үзбей насихаттап, өзіндік бағытын айқындады. Кезінде форматы кішігірім болса, бүгінде көлемі үлкен, беті мазмұнды тақырыптарға толы, түрлі-түсті бояумен айшықталған оқырманның сүйікті газетіне айналды.
Мен осы басылымның тұрақты авторы болғандықтан қолыма алдымен «Қазалы» газетін алып, қарап шығамын. Сондағы байқағаным, газет сан түрлі тақырыптарды қозғайды. Апта ішіндегі санын шолып отырсақ, жұмыссыздықты жою мақсатында кәсіп түрлерін ашқандар, оларға қолдау көрсету, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру, туған жердің тарихы, ауласын көркейтіп саябаққа айналдырып жүрген бағбандар жайлы жазылып, ой қозғалады.
Шалғай ауылда тұрғандықтан газет кешігіп жатса, таратушыға барып сұрастырамын. Кейбіреулер «Газетті жиі іздейсіз, қартайғанша оқи бересіз бе?» – дейді. Сондайда оларға: «Қарақтарым, газет менің рухани азығым. Маған онан артық көп дүние-мүліктің керегі жоқ», – деймін. Біздің ауылда Қарлыбай, Таланбай, Әмірбек деген ақсақалдар газетті үзбей алдырады. Оқығандарын ортаға салып, пікірлесіп отырады.
Әр жылдың өз ерекшелігі бар. Жыл сайын газет тың мәселелерді көтеріп келеді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын көпшілікке түсіндіру аясында біршама жұмыстар атқарылды. Кейде жол түсіп редакцияға бара қалсам, өрімдей жастар. Бас редактордың орынбасары Сахи інімізден бастап «Ағай, келуіңізбен!» деп жылы жүзбен қарсы алады. Есет, Жеңісбек, Алтын, Ұлболсын, Айнұр, Ринат деген ұл-қыздарымыз қаламы ұшталып келе жатқан қаламгерлер. Жазғандарын көпшілік қауым сүйсініп оқиды. Қорыта келгенде, Дәурен Омаров басқарып отырған редакция ұжымын төл мерекелерімен құттықтап, жазарларың көп болып, оқырмандарың арта түссін, әрдайым табыс биігінен көріне беріңдер деген тілегімді жеткіземін.
Әнуар ӘБДІМҰРАТ,
Тасарық ауылы.
29 маусым 2018 ж. 1 765 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930