Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Шындықтың шырақшысы – Шерағам-ай

Шындықтың шырақшысы – Шерағам-ай

Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан қарымды қаламгер, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның атағы алты Алашқа кеңінен мәлім. Заңғар жазушының соңында қалдырған қилы кезең тынысын суреттеген салиқалы шығармаларының оқырманға берер тағылымы мен тәрбиесі ұшан-теңіз. Сонымен бірге оның туған халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған толғамды пікірлері және өмірдегі көлеңкелі келеңсіздіктерді түйрей айтқан уытты сөздері көптің жүрегінен ойып орын алған.

«Шерағаң айтыпты» деген осындай ұтырлы әңгімені бұдан көп жылдар бұрын ауыл шаруашылығы саласының ардагері, қазіргі Жанқожа батыр ауылында директорлық қызмет атқарған, марқұм Шынтас Жалғасбаевтан естіген едік.

...Жыл бойы бір-бірімен астаса жүргізілетін кеңшардағы қайнаған жұмыстың арасынан уақыт тапқан Шынтас аға сәті түсіп, Жетісу жеріне сапар шегеді. Табиғаты әсем, саф ауасы жан сергітер өңірдегі шипажайлардың біріне орналасады. Кезекті демалысын бірқалыпты өткізіп жатқан оған көрші бөлмедегі танысы «Осында жазушы Шерхан Мұртаза да тынығуда» дегенді айтады.

Жақсы жаңалықтан кейін «Ыңғайы келіп тұрғанда жалпақ жұртқа белгілі азаматпен неге тұз-дәмдес болып, сыйласпасқа?» деген ойға кетеді. Соның жетегімен шипажай кезекшісіне жолығып, жазушының қандай жатын орынға орналасқанын анықтайды. Онымен жүздесудің орайын тауып, жөн- жосық сұрасады. Бос күнін сұрап, қонаққа шақырады.

Бірнеше адам бас қосқан дастарқанның алғашқы кіріспесін келтірген Шәкең: «Өз отбастарыңыздағы сияқты еркін отырыңыздар. Қазіргі уақыт ағымына сай тұрмысымызда пайдалану жағы үрдіске айналған ішімдік деген ас мәзірінің де түрі бар. Сіздер оған қалай қарайсыздар?» – деп қалады.

Сонда Шерағаң айналасындағыларға жағалай көз тіге отырып:
– Бұл жалпы ата-бабадан қалған ас емес. Көршілес елге еліктеушілігімізден туған есерлігіміз бен аңғалдығымыз. Оның «секіртетіні» және «кекіртетіні» бар. Ашық айтсам секіртетіні – арақ, ал, кекіртетіні – шампан. Денсаулықты нығайтып, сауығуға келген бізге бүгін аталған екеуінің де қажеті жоқ, – деген уәжін білдіреді. Сосын ішімдіктің отбасы мен қоғамға тигізетін зияндылығы жөніндегі нақты айғақтарды атайды. Ел мен жер тарихының көмбесінен сыр суыртпақталады. Бұрынғы өткен ұлт тұлғаларының ұлылықтары дәріптеледі.
Есті сөз ешқашан да ескірмейді. Осы орайда еріксіз елжірей отырып: «Бір кем дүние, шындықтың шырақшысы – Шерағам-ай!» – дейміз.

Сахи ҚАПАР,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
05 қаңтар 2019 ж. 1 326 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930