Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Саз бен сағыныш: Шәмші әндері шырқалды

Саз бен сағыныш: Шәмші әндері шырқалды

Қазақ даласын әнге бөлеген Шәмші Қалдаяқовтың сазы – ұлт жүрегінен өшпеген мәңгілік әуен. Уақыт жылжыған сайын оның әндері жаңғырып, әр буынға өз лебін сыйлап келеді. Осы рухани мұраны дәріптеу мақсатында Қазалы төрінде өткен облыстық әншілер байқауы көпшілікті тағы бір мәрте Шәмшінің сырлы әлеміне саяхаттатты.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығы ұйымдастырған «Сағынышқа айналған сазгер» атты байқауға облыстың әр аумағынан, яғни Қызылорда қаласы, Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Арал және Қазалы аудандарынан келген 10 үміткер екі кезең бойынша өз өнерін көрсетті. Алғашқы кезеңде Шәмші Қалдаяқовтың ел сүйген әндері шырқ
алса, екінші кезеңде халық әндерінің құдіреті жаңғырып, сахнаға ерекше көрік берді. Сайыстың әділ бағасын берген қазылар алқасының құрамында ҚР Мәдениет саласының үздігі, қобызшы, музыкант Арман Әуез, мәдениет саласының үздігі Бағдагүл Есмұрзаева және вокал өнерінің тәжірибелі ұстазы Гүлдана Мұратбай болды. Өнер додасының мәртебесін көтерген дара дауыстар арасынан үздіктер төмендегідей анықталды. Бас жүлдені аралдық Лайық Нұрәлем қанжығасына байлады. Ал бірінші орын қызылордалық Айбек Шүкіровке бұйырды. Екінші орынды қармақшылық Гүлфайруз Тоқбергенова еншілесе, үздік үштіктің қатарын қазалылық Еділ Тайлан мен жалағаштық Алтынай Көлбаевалар толықтырды.
Байқау барысында барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Шәмші әндерін төрге оздырған бұл байқау өнер сүйер қауымға рухани ләззат сыйлап қана қоймай, талантты орындаушылардың жаңа тынысын ашқан тағылымды кеш ретінде есте қалғаны анық.
А. ЖҮСІПОВА
02 желтоқсан 2025 ж. 117 0

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 112

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 110

Ізгілікті ұялатқан жүрекке

02 желтоқсан 2025 ж. 114

Күрежолдағы нысандар назарда

02 желтоқсан 2025 ж. 111

Желтоқсан көшесі жөнделуде

02 желтоқсан 2025 ж. 110

Құрылыста қарқын бар

02 желтоқсан 2025 ж. 114

Елес торыған үй

02 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031