Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үлкенге – құрмет, кішіге – қызмет

Үлкенге – құрмет, кішіге – қызмет

«Алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер» демекші, аудан әкімдігінде өткен бұл жолғы аппарат мәжілісі хәкім Абайдың осы сөзін еске салды. Олай дейтініміз, аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жиынды өңіріміздің дамуына ұзақ жылдар үздіксіз қызмет еткен Берік Бисембаевты зейнет демалысына шығарып салумен бастады. Еңбек жолын қатардағы балықшы болып бастаған Берік Әбиұлы Жанқожа батыр, Ғани Мұратбаев ауылдарының әкімі секілді түрлі жауапты қызметтер атқарған.Осы орайда, аудан әкімі майталман мемлекеттік қызметшіге қажырлы қызметі үшін алғыс білдіріп, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты. Мұнан соң, аудан көлеміндегі ең үлкен марапат саналатын Қазалы ауданының Құрмет грамотасын табыс етті.
Үзеңгілес әріптестері атынан аудандық мәслихат хатшысы Күнтілес Назымбеков ел ағасына айналған Берік Әбиұлын құрметті зейнет демалысына шығуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Өз кезегінде ардагер аудан әкіміне және әріптестеріне зор алғыс білдіріп, ел игілігі үшін істеп жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, аудан әкімі көпшілікке Бозкөл ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған Ақылбек Бөлебай мен Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары болып тағайындалған Айбурана Көшербаеваны таныстырды.
Мұнан соң, аппарат мәжілісінде күн тәрті­біндегі мәселелер қаралды. Бірінші, Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңына енгізілген өзгерістер туралы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Жалғасбай Жаппарберген хабарлама жасады. Екінші мәселе – күзгі мерзімдік әскерге шақыруды ұйымдастыру жайлы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы Серік Саянов баяндады.
Есет ТАБЫНБАЕВ
09 қыркүйек 2018 ж. 2 299 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 133

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 125

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 93

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031