Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан ажары арта түспек

Аудан ажары арта түспек

Аудан орталығында халыққа қолайлы орта қалыптастыру, инфрақұрылымды жаңарту және тарихи нысандардың айналасын заманауи талаптарға сай келтіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соның айқын көрінісі – теміржол вокзалы аумағындағы ауқымды абаттандыру жұмыстары.
Қазіргі таңда вокзал маңында жолаушылар мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, аумақтың санитарлық және эстетикалық деңгейін көтеру мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Абаттандыру аясында вокзал алдындағы Әйтеке би ескерткішінің маңы, жаяу жүргіншілер жолдары жаңартылып, заманауи үлгідегі, эстетикалық тұрғыдан үйлесімді қоршаулар мен аялдамалар орнатылуда.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аталған аумақты арнайы аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстар барысымен танысты. Әкім жұмыс сапары барысында бірқатар кемшіліктерге назар аударып, оларды шұғыл түрде түзету туралы нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, мердігер мекеме – «СтроймодульАстана» ЖШС-нің өкілдеріне ауа райының қолайлы кезеңін тиімді пайдаланып, белгіленген жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтау міндеттелді.
Айта кету керек, бүгінде 120 жылдық тарихы бар теміржол вокзалы да қайта жаңғыртылуда. Сонымен қатар, теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірі де қайта салынып, заманауи стандарттарға сай бейімделуде.
А. ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
02 желтоқсан 2025 ж. 160 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 162

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031