Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖИ нарық бағаларын төмендетуге көмектеседі

ЖИ нарық бағаларын төмендетуге көмектеседі

Фото: depositphotos.com
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифингте жасанды интеллект пен өндірісті цифрландырудың кәсіпорындардың тиімділігіне, өнімнің өзіндік құнына және нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне қалай әсер ететінін баяндады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Министрдің сөзінше, бұл ресурстарды тиімді пайдалануды оңтайландырып, шығындарды азайтуға және еңбек ресурстарына жұмсалатын қаражатты төмендетуге мүмкіндік береді. Нағаспаев әлемдік тәжірибе кейбір салаларда адам еңбегінің қажеттілігінің азайып бара жатқанын көрсететінін, алайда мемлекеттің және кәсіпорындардың мақсаты - жұмыспен қамтуды әртараптандыру және жаңа жұмыс орындарын құру екенін атап өтті.
Министр заманауи технологияларды енгізу өнімді бәсекеге қабілетті ететінін де тілге тиек етті.
Бәсеке бағаның төмендеуіне алып келеді. Егер нарықта өндірушілер саны артса, әрқайсысы өз өнімін сапасын арттыру және бағаны төмендету арқылы сатуға тырысады. Бұл барлық өнімдерге қатысты, жеке тауарларды бөліп көрсету мүмкін емес. Мемлекет цифрландыру салдарынан жұмыстан босатудың ықтимал жоғалтуын есепке алмайды, алайда кәсіпорын басшылары оңтайландыру жүргізетінін, соның ішінде арзан ресурстар мен аз электр энергиясын пайдалануды қарастыратынын атап өтті, - деп түсіндірді министр.
Сондай-ақ ірі әлемдік компанияларда кейбір салаларда адам еңбегінің мүлдем қажет еместігін, оның орнын жасанды интеллект басатынын, ал Қазақстан осы үрдісті жұмыспен қамтуды сақтай отырып, жаңа жұмыс орындарын құрумен үйлестіруді мақсат етіп отырғанын айтты.
02 желтоқсан 2025 ж. 191 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 212

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031