Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылдамдықты асырғандарға жаңа айыппұл: Ішкі істер министрлігі ақпаратқа байланысты пікір білдірді

Жылдамдықты асырғандарға жаңа айыппұл: Ішкі істер министрлігі ақпаратқа байланысты пікір білдірді

Фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі желіде “камералар жылдамдықты 66 км/сағаттан бастап тіркей бастайды" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде пайда болған жазбада:
"Жүргізушілер, назар аударыңыздар! Бүгін түннен бастап (00:00-ден кейін) камералар 66 км/сағаттан асса, тіркей береді. Мен әдетте 68–69-бен жүремін. Енді 68 немесе 70-пен жүрсеңіз, автоматты түрде 19 000 теңге айыппұл келеді. Абай болыңыздар, жүйені артық ақшаға толтырмаңыздар", – делінген.
Желі қолданушыларының бірі бұл ақпаратқа сенсе, енді бірі жалған деп есептеуде.
Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
"Түннен кейін "жылдамдық 66 км/сағаттан аспау керек" деген хабар – фейк. Ондай өзгеріс енгізілген жоқ. Елді мекендерде жеңіл көліктер үшін жылдамдық нормасы бұрынғыша 60 км/сағат. Камералар 70 км/сағаттан асқанда ғана тіркейді", – деді министрлік.
Ведомство сондай-ақ тек ресми ақпаратқа сенуге, тексерілмеген хабарламаларға ермеуге шақырды.
02 желтоқсан 2025 ж. 178 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 162

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031