Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел алғысын арқалаған азамат

Ел алғысын арқалаған азамат

Аудан өмірінің саяси және әлеуметтік өміріне ширек ғасырға жуық елеулі еңбек еткен азамат Бисембаев Берік Әбиұлы құрметті зейнет демалысына шықты. Алғашқы еңбек жолын қарапайым зоотехник ретінде бастаған Б.Бисембаев әр түрлі жауапты қызметтерді атқарған.
Осы орайда аудан әкімі М.Ергешбаев Берік Әбиұлына ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіріп, қазақы дәстүрмен шапан жапты.
Сондай-ақ аудан көлеміндегі ең үлкен марапат - Қазалы ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады. Әріптестерінің атынан аудандық мәслихат хатшысы К. Назымбеков ел ағасына айналған Берік Әбиұлын құрметті зейнет демалысына шығуымен құттықтады. Өз кезегінде Б. Бисембаев аудан әкіміне және әріптестеріне зор алғыс білдіріп, ел игилігі үшін жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.
Қай істе де өзін білікті маман, дарынды ұйымдастырушы, іскер басшы, ел мүддесін басты міндет санайтын Берік Әбиұлына зор денсаулық, отбасына береке-бірлік тілейміз!
Қазалы ауданы әкімдігі
06 қыркүйек 2018 ж. 1 894 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031