Анамызды қалай жұбатамыз?
Ана – біздің өміріміздегі ең маңызды және ең қымбат адам. Олардың жүректері нәзік болғандықтан, біреуге ренжіп, көңіл күйі болмайтын күндер болады. Анаңызды жұбатуға көмектесетін бірнеше кеңес ұсынамыз. - Алдымен жағдайдың мәнін анықтаңыз. Реніштің немесе уайымның барлық мүмкін түрлерін ойыңызда анықтап көріңіз. Көңіл күйінің не үшін жоқтығын тіке сұраудың қажеті жоқ. Проблема туралы алыстан және ақырындап сұраңыз. - Адамды тек жылы сөздермен ғана емес, сонымен қатар жақсы анекдотпен де жұбатуға болады. Жабырқаңқылық себебін әзілге айналдыруға тырысыңыз. Әрине, ренжіген адамды күлдіру оңай болмағанмен, бұл әдіс арқылы оның қаншалықты көңіліне тигенін анықтауға болады. - Ананы жұбатуға құшақтау көмектеседі. Адамды құшақтау арқылы оның жалғыз еместігін көрсетеміз. Оған оның әдемі екенін жиі айтыңыз. - Анаңыз өзін керек сезінгісі келетінін ұмытпаңыз. Одан жиі кеңес сұрап тұрыңыз. Өзіңіз мәселені қалай шешетініңізді ойластырып қойсаңыз да, арасында ата-анаңыздың ойын сұраңыз. Сіз үшін олардың ойының маңызды екенін білдіріңіз. - Бұрын бастарыңыздан өткен күлкілі жағдайды еске түсіріп, кез келген жағымсыз жағдай өз шешімін табатынын түсіндіруге тырысыңыз. - Егер анаңыз сізге ренжіген болса, кешірім сұрай біліңіз. Анаңызбен бірге сүйікті фильмдеріңізді немесе ескі альбомдарды қараңыз. Анаңызды «мен сізді жақсы көремін», «рахмет» және «кешіріңіз» деген үш фраза бірден жұбататынын ұмытпаңыз. Біз аналарымыздың көз алдында әрқашан бала болып қаламыз. Сондықтан ата-аналарымызды ұмытпайық. Оларды сағынғаныңызды жиі айтып, жандарына махаббат пен сенім сыйлаңыз. Олардың ақылы мен тәжірибесін бағалай біліңіз. Ата-ана үшін ең жақсы тыныштандыратын дәрі – балаларының ықыласы мен қамқорлығы.