Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аптаның қай күнінде адам өзін бақытты сезінеді?

Аптаның қай күнінде адам өзін бақытты сезінеді?

Аптаның қай күні сіз үшін ең ауыр күн деген сауал қойылса, барлығы дүйсенбі деп жауап қатары анық. Ғылыми сарапшылардың зерттеуі бойынша, екі күндік демалыстан кейін адамның жұмысқа деген құлқы болмай, дүйсенбіде жұмыскер өте селқос жүреді. Бұл зерттеу, сонымен қатар студенттер мен оқушыларға да қатысты. Ал, адам өзін қай күні, қай уақытта бақытты сезінеді? Қай уақытта көңілі жабырқау жүреді? Сарапшылардың зерттеуіне жүгініп көрейік.
Ағылшынның Plusnet ғаламтор-сарапшысының жүргізген зерттеуі бойынша, адам дүйсенбі күні сағат тура 11:17-де өзін өте жайсыз сезінеді. Тіпті, осы уақытқа дейін кей адамдар езуге күлкі тұрақтатпайды. Ал, түскі ас уақытынан кейін, шамамен 14:35 шамасында көңіл-күй қалыпқа келе бастайды. Қарапайым халық арасында жүргізілген сауалнама бойынша, өзіне жасаған ілтипатқа қарағанда адам өзі біреуге бірінші жақсылық жасаса, оның көңіл-күйі тез көтеріледі. Ал, аптаның ортасында жұмыскер өзін қалай сезінеді? Бұл уақытта адам жұмыс процесіне бейімделіп, алдағы демалыс күндерінің жақындағанына көңілі тоқ жүреді. Бірақ, 2009 жылы жүргізілген шетелдік психологиялық-ғылыми журналдың мәліметтері бойынша өзін-өзі өлтіру оқиғалары көбіне сәрсенбі күні болады екен. Жоғарыда айтқандай, адамның ең бақытты, қуанышты кезінің де дәл уақыты бар. Бұл барлық адамдардың санын есептей отыра шығарылған ортақ көрсеткіш. Сонымен жұмыскер өзін қай уақытта бақытты сезінеді? Әлеуметтік зерттеудің нәтижесі бойынша, адам сенбі күні кешкі 19:26-да өте көңілді және белсенді болады. Себебі, бұл уақытта аптаның жұмыс уақыты аяқталып, демалыс күніне жоспарлар дайындайды екен. Ал, ең үздік дәлел деп жарияланған ғаламтор қолданушысының пікірі бойынша, демалыс күнгі ең күшті сезім мынадай: Сіз таңертең оятардың көмегінсіз оянасыз. Сағатқа қарап, жұмыстан қалып қойғаныңызды сезіп, төсектен атып тұрасыз. Соңынан, бүгін демалыс күні екенін білгенде ерекше рахаттанасыз. Ал, дәл осы аптадағы барлық жұмыскердің көңілі көтеріңкі екені анық. Себебі, санаулы күннен кейін жыл бойы күтетін мереке әр отбасыда тойланады. Сонымен қатар, бұл уақыт тұтас жылдың соңғы аптасы. Бірнеше күндік демалыстар жұмыстан қажыған қызметкерлерді құшақ жая қарсы алғалы тұр.

28 желтоқсан 2017 ж. 2 057 0

Мен өмірді қалаймын

12 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930