Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Шелектің бетіне шыбық болса да қой

Шелектің бетіне шыбық болса да қой

Кішкене күнімізде жаз болса болды, бірден нағашы апамыздың ауылына қарай асығатынбыз. Нағашы апамыздың үйі берекелі еді. Марқұм нағашы апам бидің қызы болған. Қазақтың ырым, салт-дәстүрін жақсы ұстанды. Намаз оқитын. Ораза ұстайтын. Сол кісі айтып отырушы еді: «Шелектің бетіне шыбық болса да қой, шайтан сиіп кетеді» деуші еді. 
Оның мәнісін түсінбейтінмін. Сөйтсем хадистен алынған ырым екен. Оны бертін келе білдім. Ибн Хиббанның хадистер жинағында орын алған бір риуаятта сахаба Жәбір ибн Абдулла (р.а.) мынадай хадис келтіреді:
«Алла елшісі былай деді: «Түнде жатарда торсықтың аузын буыңдар, есікті құлыптаңдар. Тағамдар мен сусындардың бетін жабыңдар. Шайтан келіп есіктің ашық тұрғанын көрсе үйге кіреді. Торсықтың бетін буылмағанын байқаса одан ішеді. Ал есік жабық болып, торсықтың аузы буулы болса, шайтан байлауды шеше алмайды, жабық есікті аша алмайды. Сендердің біреулерің ішінде суы бар ыдысын жабатын ештеңе
таба алмаса, көлденеңнен бір шыбық қойсын». (Сахиху Ибн Хиббан. №1274 хадис)
Аталмыш хадистің арабша нұсқасындағы «Ъуд» (ودا ًع ( ُсөзі - «бутақ», «тал», «шыбық» деген мағыналарды білдіреді. Басқа бір риуаятта «бисмилла» айтып қойсын делінген. Шыбық шаң-тозаңнан сақтамаса да, бисмиллә деп қойылғаннан кейін шайтанның ішіп былғауына кедергі болмақ. Осыдан келіп, қазақтың біраз ырым-нанымдары діннен бастау алатынын байқауға болады.
15 маусым 2021 ж. 1 117 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930