Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі

Үш жұрт

Үш жұрт - жігіттің үш жұрты: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты. Халық арасында мұны: өз жұртың - күншіл, қайын жұртың - міншіл, нағашы жұртың - сыншыл деп те мәтелдейді. Яғни, ағайынбар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бөліп бере алмайды, жақсы болсаң күндейді, жаман болсаң жүндейді. Қайын жұртың - қолыңның ұзындығына қарайды, жағаңның қызылдығына қарайды, берсең жағасың, бермесең бітпес дауға қаласың. Нағашы жұртың жақсылығыңа сүйсінеді, жаманшылығыңа күйінеді, әрқашан тілеуіңді тілейді, тілеуқор да жанашыр жұртың сол болады. Үш қуат - ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат. Үш ғайып - ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып. 
Үш арсыз - ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкіарсыз. 
Үш даусыз - мінез, кәрілік, ажал. 
Үш кәдесіз - жігіттік, денсаулық, жақсы жар (әйел). 
Үш жамандық - Нақақ қан төгу. Кісі малын нақақ алу. Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу. 
Үш жақын - Жан тәтті . Мал тәтті. Жартәтті. 
Үш көз - Су анасы - бұлақ. Жол анасы - тұяқ . Сөз анасы - құлақ. 
Үш тоқтам - ақыл - арқан , ой - өріс, адам - қазық.
17 шілде 2018 ж. 4 867 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930