Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » 30 күн оразаға дайынсыз ба?

30 күн оразаға дайынсыз ба?

Алла қаласа, енді аз күннен кейін мұсылмандар үшін қасиетті саналған Рамазан айының 30 күн оразасы басталады. Бұл уақыт – таңнан қара кешке дейін нәр татпай, жамандықтан бойыңды аулақ ұстап, жанның да, тәннің де рухани тазаратын кезі.Дін мамандары Рамазан айына аса ұқыптылықпен қарап, үлкен дайындықпен келу керек екендігін айтады. Ал біз 30 күн оразаға дайынбыз ба? Қалай дайын болуымыз керек? Бұл туралы елордадағы республикалық Әзірет Сұлтан мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев түсіндіріп берді.
«Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Иә, Раббым, бізге Ережеп пен Шағбан айларын берекелі ете гөр. Бізді Рамазан айына аман-есен жеткізе гөр» деген дұғасы бар. Бұл екі ай – Рамазан айына дейінгі дайындық айлар. Рамазан айында бірден тағамнан тыйылу адам ағзасына да, нәпсісіне де ауыр соғуы мүмкін. Сондықтан алдыңғы екі айда мүмкіндігінше жиі нәпіл оразалар ұстап, құлшылықты арттырған абзал. Заманында пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осы айларда өте жиі ораза ұстап, құлшылығын көбейткен екен. Біз де Рамазанға дейінгі Ережеп пен Шағбан айларында күнімізді оразамен, түнімізді құлшылықпен өткізсек, сауабы көбірек болады. Бұл парыз емес нәпіл болғандықтан, бұл екі айда ораза ұстау міндетті емес, бірақ ұстаған сауап болады. Дегенмен, рухани тазарып, Рамазан айына дайындықпен келген кісіге оразада көп жеңіл болады. Имамдардың «Рамазан айына дайындалу керек» дейтіндері осы», дейді имам.


07 сәуір 2021 ж. 2 478 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930