Жәдігерге айналған жез самаурын

Қазалы аудандық тарихи өлкетану музейінде 2000 жылдың желтоқсан айында Қазалы қаласындағы Қосаев көшесiнiң тұрғыны Әлмира Шометовадан алынған самаурынның бетiнде эмблема, 9 награда бейнеленген. ХІХ ғасырдың аяғында шетелде ұйымдастырылатын бірде-бір орыс көрмесі самаурынсыз өтпеген. Бүкіләлемдік көркем-өнеркәсіптік көрмелерге шолу жасайтын авторлар ресейлік самаурын өнімдері туралы айтпай кетпейтін. Халықаралық көрмелерде жүлде алған фабрика өз жетістіктерін самаурынның қақпағына жазып, үстіне медальдарының суретін басатын болған.
Қымбат тауар ең әуелі бай-бағландарға бұйырған. Кейін әр шаңырақтан табылатын болды. Әттеген-айы, бүгінде осы ыдыстар көненің көзіне, жәдігер жинаушылардың таптырмас мүлкіне айналып барады.
Сәкен ӘЛІШЕВ,
Қазалы аудандық тарихи-өлкетану музейі филиалының меңгерушісі