Сыр елінен сый: Түркістанда тарихи сәулет үлгісіндегі шығыс моншасы ашылды (ФОТО)
Kyzylorda-news.kz. Түркістанда тарихи сәулет үлгісіндегі шығыс моншасы ашылды. Тарихи қаланың келбетіне көрік беріп тұрған шығыс моншасының жалпы аумағы 3000 шаршы метрден асады.
Өткен жылы іргетасы қаланған нысан – Қызылорда облысының Түркістанға тартуы саналады.
Облыс орталығын көріктендіру мен абаттандыру, құрылыс жұмыстары өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында.
Аймақ басшысы бүгін шаһардағы Бекзат Саттарханов даңғылының бойында салынып жатқан желілік саябақтағы жұмыс барысын тексерді. Жасыл желекке оранған желілік бақта демалыс аумақтары мен салт-дәстүрді дәріптейтін сәулет үлгілері орнатылған.
Қалаға көрік берген «Парасат» саябағы да ерекше келбетімен саялы баққа айналып келеді. Қайта жаңарту жұмыстары аясында демалыс орнында жасанды көл мен көпірлер және 420 метр тасарық салынуда.
Нәтижесінде саябақ сумен қамтылып, қайта «Арыс-Түркістан» каналына жіберіледі.
Ал, «Түркістан-Кентау» бағытындағы жолдың екі шетіндегі арықтың бір бөлігі «Парасатты» сумен қамтыса, екінші бөлігі жол бойындағы жасыл желекті суарады.