Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ұл балаға айтылмайтын сөздер

Ұл балаға айтылмайтын сөздер

Балаға сөзбен емес, іспен үлгі боп тәрбиелесек те, біздің әр сөзіміз олардың өміріне тікелей әсер етеді. "Олай істесең жақсы көрмеймін", "Сен сияқты бала болғанынан болмағаны артық", "Сені неге өмірге әкелдім екен" деген сияқты ашу үстінде айтып қалатын сөздермен қатар, күнделікті мағынасына бойламай айта беретін сөздер де бар.
Жігіт жыламайды
Бала болған соң құлап қалса да, ренжісе де жылайды. Оны жиырма жастағы жігітке балаудың қажеті жоқ. Кішкене кезінде қалай үйренсе, солай қалыптасады деп қателеспеңіз. Кішкентай балаға жылауға, эмоциясын іште сақтамауға ерік беріңіз. Өз қылығына өзі ұялатын, өзін өзі басқара алатын жасқа жеткенде қай жерде жылап, қай жерде жыламау керегін үйреніп алады.
Жігіт қорықпайды
Біреуден таяқ жеп келсе "ой, қорқақ" деп одан сайын жігерін жасыту зор қателік. Батырлар қорықпайды деп кішкене балаңызды ерлікке шақыра алмайсыз. Бала болған соң қараңғыдан да, иттен де, өрмекшіден де қорқуы қалыпты жағдай. Қайта қорқынышын жеңуіне көмектесіңіз. Бауыржан Момышұлының өзі "Соғыста қорықтыңыз ба?" деген сұраққа қорқынышсыз адам болмайтынын, тек жауыңа мұны сездірмеуің ерлік екенін айтқан.
Әкең секілді...
Әкең секілді жұмыссыз қаласың, әкең сияқты малдың артында жүресің, әкең сияқты қырсықсың деген секілді сөздер мәселені шешпейді. Қандай жағдай болса да, баланың алдында әкесінің кемшілігін басып айтуға болмайды. Әр бала өз әкесін идеал санайды. Оның идеалының атына кір келтіріп, көз алдында әкесінің алып бейнесін құлдыратпаңыз.
Бізді бағатын – сен
Еңбекқор болсын деп баланы кішкене кезінен жұмысқа салып қою да дұрыс емес. Бала балалық шағында ойынға қанып өсуі керек. Оған сол ойынның өзі зор жұмыс, ойынмен өседі, ойынмен жетіледі. Үйдің үлкені болса да, ұлдың үлкені болса да жасына жетпей жатып мойнына зор жауапкершілік жүктемеңіз. Әкесі істейтін қызметті бала атқаруы міндетті емес. Ақша табудың да, еңбек етудің де, ата-анасына қолғабыс жасаудың да өз уақыты бар.
massaget.kz
20 желтоқсан 2019 ж. 2 521 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930