Түйсігіңді дамыт
Алдымен түйсікті (интуиция) дамыту деген не, соған тоқталайық. Бұл ішкі дауысыңызға құлақ түріп, оны жетілдіріп, өз тәжірибеңізге сеніп, денеңіздегі ішкі сезімді жаттықтыру. Кейде «ішім сезіп тұр» деген сөзді естиміз, бұл жайдан жай айтылмайды, шынында да адамның іші қыбырласа, әлденені алдын ала болжауға болады. Мәселен баланың бір жерден құлап кететінін алдын ала сезіп қалсаңыз, оны құтқарып қалуға болады.
Әлемге өзге көзбен қарау
ізге мынадай жаттығу ұсынамыз. Өзіңізді басқа біреудің орнына қойып көріңіз. Оның эмоциясын сезінуге тырсыңыз. Мысалы өзіңізді техникалық қолдау қызметінде істейтін адамның рөлінде елестетсеңіз, әріптестеріңіздің біреуі хабарласып, интернет жылдамдығы нашарлап кеткенін айтты делік, сіз компьютер алдында отыра берер ме едіңіз әлде тез арада жағдайды қалпына келтіресіз бе? Оның істейтін барлық жұмысын көз алдыңыздан өткізіп көріңіз. Бұл шынында да түйсікті дамытуға көмектеседі.
Қорқынышпен күресу
Өзіңіздің қорқатын нәрсеңізді елестетіп, ойша сол қорқынышыңызбен бетпе-бет келіңіз. Бұл ешкімге ұнай қоймас. Алайда «Неден қорықсаң, сол алдыңнан шығады» деген бар, күндердің күнінде кезігіп қалғанда оның жеңу жолдарын ойластырып қою керек. Басты әдіс: жауды досқа айналдыру. Қорқыныш түйсікті жеңіп кетуі мүмкін екенін естен шығармаңыз. Сондықтан бар күшіңізді жинап, бұл сезімді соңына дейін бастан кешкендей күйді елестетіңіз.
Эмоциялық байланыс
Сонымен қатар өзге адамдармен эмоцияналдық деңгейде әрекет жасай білу керек. Мысалы әлдекіммен телефонмен сөйлескен кезде оның дауысына қарап күліп не мұңайып тұрған бейнесін көз алдыңызға елестетіп отырыңыз. Оның әр эмоциясына атау бере біліңіз. Өзгелердің эмоциясына енген сайын әртүрлі жағдайды да оңай қабылдайсыз.
Сынап-мінеуге орын жоқ
Ішіңіздегі сыншыл тұлғаны ұйықтатып тастаңыз. Сыни ойлауды қоя тұрып, тек жағымды ойларға бас бұрыңыз. Бұл сізге түрлі жағдайды ішкі түйсік арқылы шешуге көмектеседі.
Жалғыздық сыры
Сансыз сауалдарына жауап табу үшін тек ішкі ойын тыңдауды үйренгісі келетін жан сирек болса да жалғыздықта қалуы және медитациямен айналысуы керек. Ішкі ойларыңызды жинақтағыңыз келсе, күніне кем дегенде жарты сағат жалғыз қалуға тырысыңыз. Жүрек сөзіне құлақ асып, ішкі дауысыңызды тыңдауды үйренген кезде барлығы өз қолыңызда екенін түсінесіз. Жай ғана бір сәтке ақылды өшіріп, жүректі іске қосыңыз, сонда түйсігіңіз күшейе түседі.
massaget.kz
massaget.kz