Зодиак бойынша психикалық сипаттамаңыз қандай?
Тоқты
(21.03 – 20.04)
Керек кезде керек жерден табылу
Сіздің артықшылығыңыз – интуиция. Мәселен, ойда-жоқта бір барға кіре қалсаңыз, онда сүйікті тобыңыз ән айтып жатуы мүмкін немесе сіз алып қойған билет, артынша қымбаттап кетуі ықтимал. Бұл қасиетті көктен берілген сый деп біліңіз. Артықшылығыңыз өмір жолыңызда әлі талай қызмет етпек, тек жүрегіңізді тыңдай білсеңіз болғаны.
Торпақ
(21.04 – 20.05)
Шекті білу
Торпақтар шекті біледі. Бұл өте сирек қасиет. Кейде дау-жанжалда тоқтай, басыла алмайтын жандар бар. Бірақ торпақтар емес. Басы бәлеге қалмас үшін әңгімені қай жерден үзу керегін сезеді. Торпақтар қанағатшыл, сабырлы. Қай қадамының артық екенін біледі.
Егіздер
(21.05 – 21.06)
Сөз тапқанға қолқа жоқ
Егіздер – ерекше жұлдыз белгілері. Оларда бес негізгі сезім мүшелері жақсы дамығандықтан, алтыншысына тәуелді емес. Мұндай жандар дұрыс сөз таңдап, іздеп әуре болмайды. Егіздер айналасындағылардың түсінбеушілігін тудыратынына қарамай, өздеріне қажетті сөздерді айтып салады. Сіз мұндай таланттың қайдан бойыңызда пайда болғанына таң қалуыңыз да мүмкін. Ғарыштан келетін психикалық мүмкіндік деп біліңіз.
Шаян
(22.06 – 22.07)
Қауіп көзін сезу
Шаяндар эмоционалды шиеленіс кезінде айналасындағы адамдарды жақсы сезіне алады. Соның арқасында дәл қайсысынан қауіп келетінін біліп, алдын орап кетеді. Сол сияқты агрессивті әрі күшті боп көрінгісі келген бұзақының жай бетперде киіп алғанын сезіп, оның жасанды әрекетін әшкере ете алады.
Арыстан
(23.07 – 23.08)
Дұрыс жоспарлау
Арыстан белгісіндегі адамдар – өмір ағымымен қалыпты жылжи алатындар. Олар өз күнін дұрыс жоспарлай отырып, барлығына үлгере алады. Сонымен қатар, өзін қызықтырмайтын нәрсені жоспарынан оп-оңай сызып тастайды. Ол үшін еш өкінбейді. Қайта уақыт әрқашан оның әрекетінің дұрыстығын дәлелдеп отырады. Алға жылжудан қорықпаңыз, ол сіздің қаныңызда бар!
Бикеш
(24.08-23.09)
Көріпкелдік
Сіздің ерекшелігіңіз – нақты бір істі алдын ала сезіп, одан келетін қауіпті де болжай алатындындығыңыз. Бұл қасиет өз ісіңізбен жемісті айналысуыңызға және жеке өміріңізді керемет жоспарлай алуыңызға көмектеседі. Сіз қай уақытта үйленіп, қай уақытта тұрғылықты орныңызды ауыстыру керек екенін жақсы білесіз.
Таразы
(24.09-23.10)
Басқа жандарды өзінен артық түсіну
Сіздің психикалық мүмкіндігіңіз басқа адамдардың көңіл-күйін, келесі жасайтын қадамын сезіп-біліп, оқи алу. Мұндай қасиетіңіз туралы өзіңіз білмеуіңіз мүмкін. Бірақ, бұл таланттың минусы бар, ол - өз-өзіңізді түсіну қиындығы. Бұдан ішкі сыни пікірлер қалыптасып, жайсыздықтар туындай бастайды. Сол сияқты, сіз керек кезде алтыншы сезіміңізді тыңдамай, шалыс қадамдар жасап жүресіз.
Сарышаян
(24.10 – 22.11)
Өзгенің ішкі ойын сезіп қою
Сарышаяндар сұхбаттасушысының шын, түпкі ойын сезіп қояды. Мәселен, кей адамдар сізбен тек әңгімелсеуді ғана емес, одан артық нәрсені қалап тұрғанын бірден түсіне қоясыз. Сонымен қатар, тек өзіңіздің емес, айналаңыздағы кез-келгеннің басында туып жатқан осындай оқиғаларын біліп отыруыңыз мүмкін. Бұл сарышаян белгісіндегілердің ең артықшылықты психикалық мүмкіндігі.
Мерген
(23.11 - 21.12)
Сәттілікті серік еткендер
Бұл жұлдыз белгісінде туғандар өте оптимист жандар. Олар табысқа жету мүмкіндіктерін ешқашан құр жібермейді. Басқалар қиын графиктер түзіп, басқа да іс-әрекеттеріне анализ жасап, сәтті қадам жасау үшін бас қатырып жүрсе, мергендер табысқа жету үшін не істеу керегін алдын ала біліп отырады. Бұл тек кәсіпке ғана емес, махаббатқа да тікелей қатысы бар.
Тауешкі
(22.12 - 20.01)
Әр нәрсенің өз уақыты бар
Кей адамдардың сүйікті ісін тастап кеткенін немесе аяқ асты басқа жақа көшіп жатқанын көріп пе едіңіз? Олар әрдайым өзгешелік іздеп жүреді. Бұл тауешкі белгісіндегі адамдардың көбісі баратын қадам. Олар қай уақытта ескіден жаңаға көшу керегін біледі. Бұл қасиет оларды тек табысқа ғана жеткізіп қоймай, өмірден барынша ләззат алуға жағдай жасайды.
Суқұйғыш
(21.01 - 18.02)
Тышқанмен ойнаған мысық
Суқұйғыштар өзгенің ойын оқи біледі және мұны жай қалдырмайды. Олар адамдардың не қалайтынын біле тұра, қайта-қайта сұрап зығырына тиіп, ойнағанды да ұнатады. Есесіне оларды манипуляциялау мүмкін емес. Олар ойынды өзгенің ережесімен ойнамайды.
Балықтар
(19.02 - 20.03)
Ахуалды тұтастай көру
Балық – барлық белгілердің ішіндегі ең дарындысы. Олардың психикалық мүмкіндіктері басқалар көре алмайтын өмірдің түрлі қырларын байқай алуы. Олар әр жағдайды толық картина ретінде көріп, ондағы әрбір сәтті жақсы бақылай алады. Былайша айтқанда, үтір, нүктесіне дейін қалт жібермейді.
El.kz