Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Темір қалай алтынға айналды?

Темір қалай алтынға айналды?

Бірде бір патша ел арасында темірді алтынға айналдырудың құпиясын біледі деп танылған ғұламаға келеді де:
– Маған бұл сырды аш. Өміріңнің соңына дейін ешбір таршылық көрмейтін боласың, - дейді.
Қарт ғұлама:
– Оны білуің үшін сен өзіңнің билігіңмен қош айтыса аласың ба? - деп сұрайды.
– Сен не деп тұрсың? Мына маған, патшаға тақтан айырыл дейсің бе? - деп патша қатты ашуланады. – Осы сөзің үшін сені жазалауды бұйырамын.
– Жоқ, олай істей алмайсың. Менің денем тән ауруынан қорықпайды. Ал жанымды...жанымды ауырта алмайсың. Оның қожайыны – Алла. Тәнімнің ауырғаны мен үшін түк те емес.
Қарттың бұл сөздерін естіген патша:
– Сен ақылды адамсың. Дұрыс айтасың. Осындай даналығың үшін саған сый жасаймын, - деп жұмсарып сала береді.
Данышпан жымиып:
– Рахмет саған. Міне, темірдің алтынға қалай айналатынын да біліп алдың. Сенің ашуың – жай ғана тот басқан темір. Бірақ сен оны мейірімділік пен жұмсақтық танытып алтынға айналдырдың, - дейді.
mazhab.kz
17 қыркүйек 2019 ж. 1 474 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 145

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 151

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031