Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі

Танабау

Халқымыздың ұлық дәстүрлері жас ұрпақты жігерлендіріп, еңбексүйгіштікке, ауызбіршілікке шақырады. Сондай жоғалмай жеткен жоралғының бірі – танабау деп аталады. Танабау тағудың өзіндік әртүрлі себептері болады.

Мысалы, бүлдіршін ата-анасымен ауылдан ұзап жолаушылап келгенде «жолы болып жүрсін», «алдынан жақсы адамдар кездессін», «барған жерінде ашылатын есік көп болсын» деген бата-тілек айтылып, «танабау» қадайды. Сол секілді балдырған ұл әкесіне немесе қыз баланың шешесіне әлдебір шаруаға шамасына қарай жәрдемдесіп жатқанын көрген адам: «Оу, ұлың қолғабысқа жарап жігіт болыпты ғой», – деп, «Қызың қолғанат болып бойжете бастапты ғой», – деп жас балаларды көтермелеп мақтап, олардың омырауына түйме, тана, ақық, маржан секілді нәрселерді қадайды. Мұны «танабау тағу» деп атайды. Танабауды бүкіл ауылдың атынан арнайы бір адам келіп тағатын да дәстүр бар. Балаға арналған салт болғандықтан, егер танабау аталмаса, әжелер: «Немеремді елемедіңдер, танабауларың құрып қалды ма?» – деп абысын-ажын, келін-кепшіктеріне ренжиді екен.
Дәстүр бойынша баласына «танабау» тағылған үй көрші-көлем, жақындарын шақырып, арнап дастарқан жайып атап өтеді. Қонаққа келгендер «танабауыңның байғазысы» деп балаға лайық сыйлықтар әкеледі. Қазақтың ешбір салт-дәстүрі мақсатсыз, негізсіз шықпаған. Танабау тағудың да тәрбиелік, рухани мәні бар. Жас балалар өздерін ерекшелеп жатқанға мейірленеді, шынымен, есейе бастадым деп әр іске көмектесуге құлшынады. Ал ата-әже, әке-шеше перзентінің көзге түсіп өсе бастағанына қуанып, шүкіршілік етеді. Қонақтар баланың кішкентай қуанышын көлемдендіріп көңілдері көтеріледі. Біреуден бір асаған несібе болмайды, есесіне, үлкендер бір дастарқаннан дәм татып, бастары бірігіп, ынтымақ-сыйластықтары нығая түседі екен.

Зейнеп АХМЕТОВАНЫҢ
«Күретамыр» кітабынан
28 тамыз 2019 ж. 2 772 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930