Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Екі жұбайым бар. Қарсы болмаса, неге тағы алмасқа?"

"Екі жұбайым бар. Қарсы болмаса, неге тағы алмасқа?"

Боксшы Ермахан Ибраимовтың айтуынша, әдемі қызды тоқал етіп алу кез келген ер азаматтың қолынан келеді. Алайда, жесір әйелге бала-шағасымен бірге қамқор болуды көп адам жасай алмайды. Осы орайда, ол болашақта жесір әйел алуы мүмкін екенін айтты.

«Бүгінде 8 ұлым мен 2 қызым бар. Олардың барлығы бір әйелден деп айта алмаймын. Менің екі жұбайым бар. Үлкен жұбайым Бибігүл тұңғыш ұлыммен бірге Америкада тұрады. Ал екіншісі - Айжан Ибраимова. Ол кісі осы Алматы қаласында тұрады», - деді ол.

Әрі қарай боксшы екі әйел алуының себебін түсіндірді. Сондай-ақ, тоқалды өзге ер азаматтар секілді әдемілігі үшін алмайтынын, әр әйелінен бес-бес баладан бар екенін айтты.

«Қартайып тұрған жоқпыз. Әйелдерім қарсы болмаса, неге алмасқа? Бірақ сұлу келіншек көрсе, жүгіріп барып, оны алып, одан бала тудыру – әркімнің қолынан келеді. «Ал сіз жесір қалған әйелді оның балаларымен бірге қабылдап алуға дайынсыз ба?» деген сұрақ бар. Бәлкім, сондай әйелдер бар шығар. Егер мен оны өз бауырыма басып алатын болсам, нағыз сауапты іс, еркектік іс сол болады. Мен сондайға баруым мүмкін», - деді ол.

Мұнымен қатар, ол көпбалалы отбасында тәрбиеленгендіктен, балаларының да дәл осындай отбасында өсуді қалағанын айтты.

«Мысалы, менің 7 әпке-қарындасым, бір ағам, бір інім бар. Бәріміздің басымыз қосылған кезде бір ауылдың азаматындай боламыз. Мен де балаларыма осындай тәрбие бергім келеді», - дейде Ермахан Ибраимов.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Ермахан Ибраимовтың өзінің оққағарының кім екенін айтқаны туралы хабарлаған едік.

02 тамыз 2019 ж. 1 768 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 101

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 98

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 97

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 89

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930