Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Өнерімен топ жарды

Өнерімен топ жарды

Халқымыз «Асыл – тастан, өнер – жас­тан» деген. Жақында жаңа есімдерді анықтау, жас таланттардың қабілеті мен өнерін шыңдау мақсатында «Әнші болғым келеді» атты аудандық байқау ұйымдастылды. Жанды дауыста өткен жарыста қазылар алқасы ұлттық өнерді насихаттаушы бүлдіршіндердің тіл тазалығы, дауыс ырғағы, сахна мәдениетіне жіті назар аударды.
Байқауда 4-6 жас аралығындағы 21 талапкер бақ сынады. Балабақша тәрбие­шілері мен тәрбиеленушілері арасын­дағы өнер жарысында топ жарған Қожабақы ауылындағы «Айгүл» бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушісі Айбибі Жеңісқызы мен тәрбиешісі Айсұлу Балымбетова бас жүлдені иемденді. Рсалы Бержанова мен №28 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасының өрені Іңкәр Толсын жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Екінші, үшінші орындарды «Балапан», «Ақкөгершін», «Тіл­ашар», «Балдәурен», «Айгөлек» бала­бақшаларының үміткер­лері Аружан Жұмағали, Шахназ Қайрат, Айша Әлзақ, Аяжан Якуп, Фатима Қожабекова, өзара бөлісті. Жанқожа ауылындағы «Жауқазын» балабақшасынан қатысқан Арай Сәрсенғалиға «Көрермен көзайымы» номинациясы берілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер байқау ұйымдастырушыларының дипломы мен бағалы сыйлықтарын алды.
Айбибі мен Іңкәр облыстық байқауда аудан намысын қорғамақ.
Гауһар ЖҰМАҒАМБЕТ
09 ақпан 2019 ж. 1 718 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031