Қазалының ауыл шаруашылығы өнімдері Қызылорда қаласының тұрғындарына ұсынылуда
Бүгін Қызылорда қаласында «Алтын күз – 2026» мерекесі аясында Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.Жәрмеңкеге Қазалы ауданынан 55 автокөлікпен жалпы көлемі 115,6 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдері жеткізілді.
Атап айтқанда, 15 тонна күріш, 69 тонна бақша өнімдері, 5,1 тонна ет, 8,5 тонна балық өнімдері, 11,5 тонна кондитерлік өнім, 5,5 тонна «РЗА» АҚ-ның сүт өнімдері және 1 тонна «Қазалы кәмпиті» қала тұрғындарына ұсынылуда.
Сонымен қатар, жәрмеңкеде «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары да сатылымға шығарылды.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – жергілікті өндірушілерді қолдау, ауыл шаруашылығы өнімдерін қала тұрғындарына тікелей ұсыну және азық-түлік бағасының қолжетімді болуына ықпал ету.
Жәрмеңке Қызылорда қаласының «Шұғыла» мөлтек ауданында ұйымдастырылуда.
Құрметті Қызылорда қаласының тұрғындары!
Қазалының ақ күріші мен тәтті қауынын, сапалы ет пен балық өнімдерін, табиғи сүт өнімдерін және өзге де жергілікті өнімдерді сатып алуға шақырамыз!















