Сапалы білімге бастайтын жаңа мүмкіндік
Мемлекет басшысының білім беру процесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмасына және 2026-2029 жылдарға арналған кешенді жоспарға сәйкес, Шилі ауылындағы №259 негізгі мектепте жасанды интеллектіні білім беру процесіне кіріктіру бағытындағы пилоттық жоба жүзеге асырылуда.Жоба Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес мүшесі Кай-Фуд Лидың ұсынымдарын ескере отырып жүргізілуде. Бірінші кезең 2026 жылғы 1 қыркүйек – 26 қазан аралығын қамтиды. Пилоттық өңірлер Қызылорда және Павлодар облыстары. 10 шағын жинақты мектептің қатарында Шилі ауылындағы №259 негізгі мектеп те бар.
Пилоттық жобаға 4-сыныптың 5 оқушысы қатысып, бірінші кезеңде 40 сабақ өткізілу жоспарланған. Сабақтар «Қазақ тілі», «Математика», «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект» пәндері бойынша, аптаның сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері ұйымдастырылуда.
– Сабақ барысында жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін және цифрлық сауаттылығын дамытуға басымдық берілуде. Оқушылар заманауи технологияларды қолдану, ақпаратты іздеу, талдау және тапсырмаларды өз бетінше орындау дағдыларын меңгерді.
Педагогтер үшін де бұл жоба – тәжірибе жинақтаудың маңызды алаңы. Мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын сабақ мазмұнына кіріктіру, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар әзірлеу және оқытудың тиімді әдістерін қолдану бағытында тәжірибелерін жетілдіру, – дейді мектеп директоры Ардақ Әлібаев.
Жасанды интеллект – сапалы білімге бастайтын жаңа мүмкіндік. Алдағы уақытта да мектеп ұжымы инновациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыруды жолға қойып отыр.
Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ










