Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Республика күні – елдігіміздің еңселі мерекесі

Республика күні – елдігіміздің еңселі мерекесі

2026 жылғы 25 қазан – Қазақстан Республикасының Республика күні. Бұл – еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихи қадамын айқындайтын, мемлекеттілігіміздің негізін нығайтқан маңызды мереке.
Республика күні – халқымыздың азаттыққа деген ұмтылысын, ұлттық бірлігін және егемен ел болуға деген арманын бейнелейтін ерекше күн. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Аталған тарихи құжат Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына жол ашып, елдің саяси және құқықтық дамуына негіз болды.Бұл декларацияда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі, аумақтық тұтастығы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, ұлттық мәдениет пен тілдің дамуына жағдай жасау сияқты маңызды қағидалар көрініс тапты. Сондықтан Республика күні – еліміздің тәуелсіздікке бастар тарихи жолын еске алып, мемлекетіміздің жетістіктерін бағалайтын мереке.Бүгінде Қазақстан – халықаралық қауымдастықта өзіндік орны бар, бейбітшілік пен тұрақтылықты, қоғамдық келісім мен бірлікті басты құндылық ретінде ұстанған мемлекет. Еліміздің дамуы, азаматтардың әл-ауқатының артуы, құқықтық мемлекет қалыптастыру және әділетті қоғам құру жолындағы жұмыстар – барша қазақстандықтардың ортақ мақсаты.Мемлекеттің өркендеуі заң үстемдігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына, қоғамдағы әділдік пен жауапкершілік қағидаларының сақталуына тікелей байланысты. Осы бағытта сот жүйесі де заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастыру жолында маңызды қызмет атқарады.Республика күні – өткен тарихымызға тағзым етіп, бүгінгі жетістіктерімізді бағалап, болашаққа сеніммен қадам басатын мереке. Бұл күн әрбір азаматқа Отан алдындағы жауапкершілігін сезінуге, ел бірлігін нығайтуға және мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қосуға үндейді.
Республика күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Қазақстанның мерейі үстем болып, халқымыздың бірлігі мен ынтымағы арта берсін!
23 қазан 2026 ж. 39 0

Дара таланттар додасы

24 қазан 2026 ж. 60

Еңбек еленген күн

24 қазан 2026 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031