Әнші болғым келеді...
Жақында Әйтеке би кенттік клубының ұйымдастыруымен 6-9 жас аралығындағы бүлдіршіндердің шығармашылығын насихаттау мақсатында «Әнші болғым келеді» атты аудандық әншілер байқауы өтті. Оған Әйтеке би кенті мен ауылдық округтердегі мектептерден 19 талапкер қатысты.
Байқауға жергілікті сазгер Нұрмаш Алғашбаев, №266 мектеп-лицейдің музыкалық жетекшісі Мақтагүл Ырысмамбет, кенттік клубтың аккомпонияторы Әлібек Айдар қазылық жасады.
Талапкерлер байқау шарты бойынша бірінші кезеңде патриоттық әндер орындаса, екінші кезеңде жас әншілер жетекшісімен бірге өз қалаулары бойынша ән айтты.
Байқау қорытындысымен І орынды Қ.Пірімов ауылынан келген Салтанат Сыдық, ІІ орынды кәукейлік Жұлдыз Алданбай бен бозкөлдік Кәусар Тасқали жеңіп алды. Ал, үшінші орынға үш бірдей өнерпаз лайықты деп танылды. Атап айтар болсақ, үшінші орынға «Шұғыла» балабақшасынан Сымбат Жанқуат, Басықара ауылынан Нұрай Жәдігер және №266 мектеп-лицейдің оқушысы Айдана Берікқызы қол жеткізді.
Бозкөл ауылынан Кәусар Баймұрат «Жезтаңдай әнші», «Ақбота» балабақшасынан Айман Ағаділ «Көрермен көзайымы» номинациясын иеленді.
Ж.ПІРІМБЕТ
кенттік клубтың әдіскері