Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ тілі – цифрлық дәуірдегі ұлттық құндылық

Қазақ тілі – цифрлық дәуірдегі ұлттық құндылық

Қазіргі қазақ қоғамы ауқымы үлкен өзгерістерді бастан өткеруде. Цифрлық технологиялар күнделікті тұрмысымызға еніп, ақпаратты қабылдау және оны жылдам тарату тәсілін сан-алуан етіп өзгертіп жатыр. Бұл тұрғыда әлеуметтік желілер, интернет платформалар, түрлі мобильді қосымшалар мен жасанды интеллект адам өмірінің ажырамас бір бөлігіне айналып келеді. Осындай заманда қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі қолданысын кеңейту – уақыт талабы.
Бүгінде қазақ тілінде сапалы ақпараттық, танымдық және мәдени контент жасауға оны қызықты әрі тартымды етуімізге мүмкіндік те жеткілікті. Әлеуметтік желілерде қазақ тілінде неше түрлі бейнероликтер, мақалалар, подкасттар мен қазақша кинолар, мултьфильмдер жарияланып жатыр. Бұл – ана тіліміздің жаңа технологиялар дәуіріне бейімделіп, қолданыс аясын кеңейтіп келе жатқанын айқын көрсетеді.
Айта кету керек бұл бағытта жастардың орны ерекше. Себебі қазіргі жас буын – цифрлық ортаның белсенді пайдаланушысы. Осы ретте «Қазақша сөйлеу ұят емес», «қазақша сөйлейік» хэштегтерін де жиі көріп қаламыз. Әсіресе, үлкен мегаполистеріміз бен еліміздің солтүстік аймақтарындағы шала қазақы ортаны, ондағы тұрғылықты халықтың тілін сындыруға осындай қадамдар арқылы белгілі бір деңдейде ықпал етуге тырысып жатқандарын көруге болады. Жастардың қазақ тілінде сапалы контент жасауы, ұлттық құндылықтарды әлеуметтік желілер арқылы насихаттауы, қазақша кітаптар мен шығармаларды таныстыруы тілдің беделін арттыруға тамаша құрал деп ойлаймын.
Дегенмен цифрлық технология қаншалықты дамы­ғанымен, тілдің тағдыры ең алдымен оны қолданатын қоғамға байланысты. Қазақ тілін тек ресми ортада ғана емес, күнделікті өмірде, отбасында, жұмыста және қоғамдық ортада кеңінен қолдануымыз қажет.
Ал өзім қызмет етіп жатқан ауылдық жердегі мәдениет ошақтарының бұл бағыттағы жұмысы да маңызды деп білемін. Бірлік ауылдық клубында «Тіл достықтың дәнекері», «Жастар және қазақша сөйлеу мәдениеті», «Мақал-сөздің мәйегі», «Қазақ тілінің білгірі» сияқты мәдени-ағартушылық іс-шаралар жыл басынан бері өткізілуде. Осындай іс-шаралар арқылы тұрғындардың ана тілімізге деген құрметін арттыруға жұмыстар жасалуда.
Ең бастысы, жасанды интеллект жылында тіл мәдениеті назардан тыс қалмауы тиіс. Әлеуметтік желіде пікір жазғанда, хабарлама жолдағанда немесе көпшілік алдында сөйлегенде сөзді дұрыс қолдану, сауатты жазу – ана тілімізге деген құрметтің белгісі.
Қазақ тілінің болашағы – оны кейінгі ұрпақтың қаншалықты кеңінен қолданатынына байланысты. Сон­дықтан әрбір қазақша айтылған сөз, әрбір сауатты жазылған мәтін, әрбір сапалы қазақша бейнеролик – ана тіліміздің дамуына қосылған ерекше үлес. Қазақ тілінің сұраныста болуы, сондай-ақ кез келген жаңа платформадан өз тіліміздің айшықты орны болуы үшін цифрлық дәуірдің мүмкіндіктерімен ұштастыра отырып, заманауи, өміршең әрі бәсекеге қабілетті тіл ретінде дамыту – баршамызға ортақ міндет.
Нұрсұлтан ЖҮСІПБЕК,
Бірлік ауылдық клубының әдіскері

24 қазан 2026 ж. 31 0

Дара таланттар додасы

24 қазан 2026 ж. 26

Ертеңі жақын еңселі ел

24 қазан 2026 ж. 32

Еңбек еленген күн

24 қазан 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031