Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды еліміздің ұлық мерекесі – Республика
күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев –
«Республика күні – бүкіл халқымыз үшін мән-мағынасы
ерекше және қастерлі мейрам! 25 қазанда ақжолтай құжат – Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Дәл сол күні ұлт жылнамасының жаңа кезеңі басталды. Көп ұзамай өз алдына дербес ел атандық. Тарихи әділдік орнап, қасиетті қазақ жеріне Тәуелсіздіктің алтын қазығы қағылды. Сондықтан бұл күнді Ұлы даладағы мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған күн деп айтсақ, артық емес», - деп атап өтті.
Егемендік жылдарында Қазақстан халықаралық аренада өзіндік орны бар, даму бағыты айқын мемлекетке айналды. Осы тарихи жолда ел бірлігін сақтап, туған жерінің өркендеуіне үлес қосып келе жатқан қазалылықтардың еңбегі ерекше. Өйткені ауданның әрбір жетістігінің артында маңдай терін төккен еңбек адамдарының, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың үлесі бар.
Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамалары мен өңірімізді төрт жылдан астам уақыт басқарған, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлының және облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының ерекше қолдауымен ауданымызда айтулы істер, жарқын жобалар жүзеге асып келеді.
Биыл аудан бюджеті жыл басында 13,6 миллиард теңге көлемінде бекітіліп, есепті кезеңде 18,9 миллиард теңгеге дейін нақтыланды. Бұл қаражаттың барлығы ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтуға, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге және маңызды жобаларды жүзеге асыруға бағытталуда. Жыл басынан бері негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң нәтижелерге қол жеткізіліп, аудан экономикасының тұрақты дамуы қамтамасыз етілуде.
Дана халқымыз «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деп бекер айтпаған. Қазалының бүгінгі жетістігі де – ауызбіршіліктің, өзара қолдаудың және туған жерге деген шынайы жанашырлықтың жемісі. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, салт-дәстүрімізді сақтап, келер ұрпаққа тәуелсіз елдің берік тұғырын аманат ету – баршамызға ортақ міндет.
Қадірлі жерлестер!
Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Әр шаңыраққа бақ-береке қонып, әр отбасында қуаныш пен шаттық орнасын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Бірлігіміз бекем, берекеміз мол болғай! Егемендігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Республика күні құтты болсын!

Құрметпен, аудан әкімі Алмасбек ЕСМАХАНОВ
24 қазан 2026 ж. 29 0

Дара таланттар додасы

24 қазан 2026 ж. 26

Ертеңі жақын еңселі ел

24 қазан 2026 ж. 32

Еңбек еленген күн

24 қазан 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031