Атыңнан айналайын, азаттығым, Халыққа ұмыттырған азап-мұңын...
Атамекен. Азаттық. Бейбіт күндер. Осы үш сөз, жай ғана сөз емес, қастерлі сөз. Бақ бағалағанның басында тұрады. Отыз алты жылда Отанымыздың шаңырағын шайқалтпай, іргесін бекітіп, шекарасын заң жүзінде шегеледік. Мемлекеттік құрылымдар негізделді. Елдік дәстүр қайта жалғанды. Елтаңба айшықталып, күн астында алтын қыран қалықтаған көк байрақ шарықтады. Әнұран шырқалды. Қаймағы бұзылмаған берекелі бірлік орнады. Кеткеніміз келді, кемтігіміз толды. Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталды.
Экономика мен саясатта, адамдардың өміріне өзгеріс, жақсылық, табыс пен жетістік әкелді. Болашаққа деген сенім мен үміттің нәтижесінде, бүгінде елдің керегесі кең, терезесі тең. «1990 жылдың 25 қазан күнгі 18 сағат 55 минуты өтті, есімізге сақтайық. Қазақстан парламенті осы сәтте республика көп ұлтты халқының мүддесіне қызмет ететін егемендік туралы тарихи Декларацияны қабылдады!» деген еді Қадыр Мырзалиев. Еншісіне ерен бақыт бұйырған қазақ елінің егемендік алуы үлкен үміт еді. Биыл 25 қазанда Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде бесінші мәрте аталып өтеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойған болатын. Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып белгіленді. Республика күнінің тарихы сонау тоқсаныншы жылдардан басталады. 1990 жылы 25 қазанда «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат болатын. Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Алғаш рет ел аумағының тұтастығы, қазақ халқының және басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету, ұлттық болмысты қалыптастыру әрі нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітілді. Осы декларацияның арқасында ҚазКСР өз ішкі әскерін, мемлекеттік қауіпсіздік пен ішкі істер органдарын құру құқығына ие болды. Ал президент елдің басшысына айналды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Республика күні жыл сайын 25 қазанда аталып өте бастады. Осы декларацияның арқасында біз кеңестік заңдарды қолданудан бас тартып, өз Ата заңымызды құруға қадам бастық. Сондықтан осы қағидаттардың негізінде кейінірек – 1991 жылғы 16 желтоқсанда – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. 1995 жылы 18 қазанда алғаш рет «ұлттық мереке» болып жарияланды. Алайда 2001 жылы бұл мәртебеден айырылып, «мемлекеттік мереке» санатына өтті. Ал 2009 жылы сәуірде мерекелер қатарынан мүлде алынып тасталды. Осылайша он жылдан астам уақыт бойы 25 қазан – Республика күні тойланған жоқ. Ал 2022 жылы маусым айында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның 25-і күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміз тәуелсіздік алуға алғашқы қадамын жасады. Осы ретте Мемлекет басшысы да Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтқан болатын. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек. Мемлекет басшысының бастамасы халықтың қолдауына ие болып, Қазақстан халқы ұзақ жылдар бойы атаусыз қалған Республика күнін жыл сайын дүркіретіп атап өтуді дәстүрге айналдырды.
Қазақстан тарихы мақтана алмайтын қанды оқиғаға толы. Ұлан-ғайыр атырапты алып жатқан дарқан даланы найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған бабалар ұрпағына сарқылмастай қазына қалдырды. Үзеңгіден аяғын, қорамсақтан қолын алмай жүріп, толарсақтан саз кешкен бабаның сондағы арманы қандай еді? Ол – өз басына ел болу, тыныштық атты жазықта балалар еркін тыныстап, тай-құлындай тебісе ойнау, ынтымағы мен бірлігі жарасқан азат мемлекет болу. Уақыт өтті. Жылдар зырғыды. Тәуелсіздігімізді алып, бейбіт елдің ұланы атандық.

Зұлмат жылдары қазақ ұлтын жер бетінен жойып жіберуге күш салған жоңғар мен қалмақтың, Хиуа хандығының тегеурініне төтеп бердік. Патшалық Ресей мен қанқұйлы КСРО-ның уысынан шығу үшін 300 жылда талай мәрте айқастық. Егемендікті алдық. Желтоқсанның қылышынан қаһар төгілген сәтте қазақ жастары ыдырамастай көрінген, тұғыры биік көрінген коммунистік идеологияның іргесін сөкті. Тәуелсіздік жылдары. Осындай тарих үшін сындарлы кезеңде егемен еліміз еңсесін тіктеп, туын көкте желбіретті. Татулық пен бірліктің арқасында көптеген игі істерге мұрындық бола білді. Жаңарды, жасарды. Аймақтар мен аудандар тәуелсіздік жылдары ел экономикасына үлес қосып, қарышты даму үстінде. Қызылорда облысында бірнеше жүйелі жұмыс атқарылып, көрікті мекенге айналып келеді. Оның ішінде ауданда жоба мен жоспар алға басты. Жобалар жемісін беріп, сапалы нысандар бой көтеруде. Кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейді. Экономикасы жыл сайын өрлеп, өңір өркендеуде.
Аудан барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындарға тұрақтаған. Соңғы кезеңде ауданның бюджет көлемі ұлғайып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға мол мүмкіндік берді. Жыл басындағы көрсеткіштер нақтыланып, аудан бюджетінің көлемі айтарлықтай өсімге қол жеткізді. Мұның ішінде ауданның өз кірістерінің үлесі артып, өңірдің қаржылық дербестігі мен экономикалық тұрақтылығы нығая түскенін көрсетті.
Бөлінген қаражат шашыраңқы кетпей, бірінші кезекте тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге, инфрақұрылымды жақсартуға, жол жөндеуге, әлеуметтік нысандардың материалдық базасын нығайтуға және ауылды абаттандыру жұмыстарына бағытталды. Бюджет қаражаты тек қана мемлекеттік қолдаумен шектелмей, өңірге тартылған инвестициялар мен жеке кәсіпкерлердің бастамалары арқылы толығып, аудандағы өндіріс пен шағын және орта бизнестің дамуына тың серпін берді. Соңғы кезеңде ауданның бюджет көлемі ұлғайып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға мол мүмкіндік берді. Жыл басындағы көрсеткіштер нақтыланып, аудан бюджетінің көлемі айтарлықтай өсімге қол жеткізді Мұның ішінде ауданның өз кірістерінің үлесі артып, өңірдің қаржылық дербестігі мен экономикалық тұрақтылығы нығая түскенін көрсетті. Бөлінген қаражат шашыраңқы кетпей, бірінші кезекте тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге, инфрақұрылымды жақсартуға, жол жөндеуге, әлеуметтік нысандардың материалдық базасын нығайтуға және ауылды абаттандыру жұмыстарына бағытталды. Бюджет қаражаты тек қана мемлекеттік қолдаумен шектелмей, өңірге тартылған инвестициялар мен жеке кәсіпкерлердің бастамалары арқылы толығып, аудандағы өндіріс пен шағын және орта бизнестің дамуына тың серпін берді.
Жыл сайын жаңа баспана кілті табысталып, алдағы табысталар үйлердің құрылысы да қарқынды жүруде. Спорт кешендері, ауылдық клуб үйлері, жайлы мектеп ел игілігіне пайдалануға берілді. Бірнеше ауыл «көгілдір отынға» қосылды. Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығындағы төрт жолақты жол пайдалануға беріліп, жолдың жарықшамдары қосылды. Теміржол вокзалы қайта жанданып, ғажайып келбетке ие болды. «Қазалы» мәдени-демалыс кешені, орталық алаң, теміржол вокзалы жанындағы Әйтеке би алаңы, Жанқожа батыр көшесінің бойындағы «Руханият» сквері сынды орындар бүгінде аудан халқы мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарына айналды. Аудандағы абаттандыру жұмыстарының ең ауқымдысының бірі – «Қазалы» мәдени-демалыс кешені. Аумағы 20 гектар бұл кешен облыс бойынша ең үлкен саябақтың бірі саналады. Кешен екі бөліктен тұрады: отбасылық демалыс саябағы және «Жеңіс» саябағы. Мәдени-демалыс кешенінде «Даңқ», «Тағзым», «Киелі қазақ елі», «Ғашықтар» аллеялары және отбасылық мейрамханалар мен тамақтану, демалыс орындары, спорт және балалар ойын алаңдары, аттракциондар, аквапарк, субұрқақтар, жасанды көлшік сынды тағы басқа нысандар бар. Заманауи талаптарға сай жабдықталған саябақ аудан тұрғындары мен қонақтарының саламатты өмір салтын ұстануына, отбасы мүшелерімен бірге тиімді уақыт өткізуіне мүмкіндік береді. Ал қайта жаңғыртылып, абаттандырылған орталық алаңда балаларға арналған ойын алаңдары, отбасылық тамақтану орындары, заманауи орындықтар мен түрлі жарықшам, керемет субұрқақ орнатылған, әдемі гүлдер, ағаш көшеттері егілген. Сонымен қатар бірнеше жылдан бері құрылысы тоқтап қалған «Қарлан» учаскесіндегі Сырдария өзені арқылы өтетін көпір құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жалпы аудан барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындарға тұрақтаған. Әрине, мұндай көрсеткішке қол жеткізудің бастауында тынымсыз еңбек пен ауқымды жұмыс тұр.
Айтпақшы, мерекеге орай биыл қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады. Себебі биыл 25 қазан жексенбіге түсіп, демалыс күні дүйсенбіге, 26 қазанға ауыстырылады. Осылайша бұл мереке елде бесінші мәрте аталып өтпек. Иә, бабалар аңсаған азаттықты ақиқатқа айналдырған еліміз үшін ұлан-асыр той! 25 қазан – Республика күні құтты болсын!
Айнұр ӘЛИ