Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Балдәуреннің» бас жүлдесі

«Балдәуреннің» бас жүлдесі

Тұңғыш Президент күніне орай Алматы қаласында «Мәңгілік ел – Қазақстаным» атты республикалық өнер фестивалі өтті. Оған Қазалы ауданынан «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасының өнерлі бүлдіршіндері қатысып, бақ сынады. Көрерменнің көзайымына айналып, ерекше өнерімен тыңдарманды тәнті еткен балабақша балғындарынан құралған «Балдәурен» ансамблі «Ауылым» әнін орындап, бас жүлдені жеңіп алды.
Қазақтың ұлттық аспабы жетігенді жанына серік еткен бүлдіршіндер Айзере Жетес, Айзере Болат, Зейнеп Жанқуат, Айдана Серікбай, Кәусар Қазанбай үлкен сахнада өздерін еркін ұстап, әсем әнді әуелете орындады. Өнер кешіне жиналғандар сүйкімді өрендердің өнеріне ерекше қошемет көрсетті. Бас жүлдені қанжығалаған кішкентай өнерпаздардың ата-аналарының балабақша ұжымына айтар алғысы шексіз.
– Немерем балабақшадан білім мен тәрбиені бойына қатар сіңіріп келеді. Ән айтуды да үйренді. Түрлі ертеңгіліктер мен мерекелік кештерге ата-ана ретінде қатысамын. Тәрбиеленушілердің бәрі де өнерлі. Бұның бәрі алдымен балабақша ұжымының және оны басқарып отырған Сәуле Мұхашованың еңбегі деп білемін. Өнерлі балақайлардың қанаттары талмай, биікке самғай берсін, – дейді Айзере Болаттың әжесі Салтанат апа.
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ
08 желтоқсан 2018 ж. 1 579 0

Деген екен

15 ақпан 2025 ж. 53

Бауыржанның батырлығы

15 ақпан 2025 ж. 55

Ол күндер ұмытылмайды

15 ақпан 2025 ж. 60

Ауғанның отты жылдары

15 ақпан 2025 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728