Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылық сарбаз – грант иегері

Қазалылық сарбаз – грант иегері

Жуырда аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Алиев Отан алдындағы азаматтық борышын өтей жүріп, мемлекеттік білім грантының иегері атанған сарбаз Қыдырбай Балғазыны қабылдады.
Тағылымды жүздесуге аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Нұрлыбек Сейтханов және Ауған соғысының ардагері, ерен еңбегі мен жауынгерлік ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Күмісбай Серікбайұлы қатысты.
Кездесу барысында Жәнібек Алмас­ұлы жас сарбазды жетістігімен құттықтап, аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың «Алғыс хатын» табыстады.
Қыдырбай Балғазы 2025 жылдың күзінде мерзімді әскери қызметке шақырылған. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Шымкент қаласында орналасқан №35748 әскери бөліміне Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Әскери міндетін атқара жүріп, ҰБТ сынағына қатысып, Алматы қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы техникалық университеттің мемлекеттік білім грантын жеңіп алды. Бір жағынан, ел тыныштығын күзетіп, әскери тәртіпті меңгерсе, екінші жағынан, болашағына жол ашатын білім мүмкіндігіне қол жеткізді.
Бүгінгі білімді, отаншыл, мақсаты айқын жастар – еліміздің ертеңі. Балғазы Қыдырбайдың жетістігі де осындай талапты ұрпақтың ел сенімін ақтап, болашаққа нық қадам басып келе жатқанын аңғартады. Отанға қызмет пен білімге ұмтылыс тоғысқан жерде үлкен мүмкіндіктерге жол ашылатыны сөзсіз.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
24 қазан 2026 ж. 30 0

Дара таланттар додасы

24 қазан 2026 ж. 26

Ертеңі жақын еңселі ел

24 қазан 2026 ж. 32

Еңбек еленген күн

24 қазан 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031