Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау жолымен білім биігіне

Жолдау жолымен білім биігіне

Жақында аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен білім қызметкерлері арасында «Жолдау жолымен білім биігіне!» атты үгіт-насихат бригадаларының байқауы өткізілді. Алты аймақ бойынша іріктелген он үш жүлдегер ұжым өзара сайысқа түсті. Онда Елбасы Жолдауын насихаттауда ұстаздар байқау шарттарына сай үлкен дайындықпен келгендіктерін көрсете білді.
Сайыс ережесіне сай өнер көрсеткен қатысушылар көрермендерге рухани демалыс сыйлады. «Жүзден жүйрік озады» дегендей қазылар алқасы талапкерлерге ризашылығын жеткізіп, қорытынды жасады.
Бас жүлдені Қазалы аудандық Қорқыт ата атындағы балалар музыка мектебінің «Қорқыт жастары» иемденсе, бірінші орынды №266 мектеп- лицейдің «Air Kazaly-266» тобы жеңіп алды. Екінші орынды №11 «Балапан» бөбекжай балабақшасының «Тағылымы терең насихат» тобы қанжығасына байлады. Ал Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектептің «Самғау» тобы үшінші орынды місе тұтты.
Қалған қатысушыларға түрлі номинация ұсынылды.
Атап айтқанда, «Үздік насихаттаушы» бағамымен Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектеп пен №4 «Шұғыла» балабақшасы атанса, «Үздік PR топқа» №94 мектеп лайықты деп танылды. №91 мектеп пен «Аида» жеке балабақшасы «Үздік әуенді ұжым» атағын иеленді. «Үздік сценарий» №93 мектеп пен №134 мектепке берілсе, «Шығармашыл топ» номинациясымен №25 мектеп пен №20 «Жайна» балабақшасы марапатталды.
Жеңімпаздарға арнайы диплом табысталды. Сондай-ақ, өнерімен ерекшеленген ұстаздарға аудандық білім бөлімі мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің алғыс хаттары және бағалы сыйлықтары тапсырылды.
Рита АРАЛБАЕВА
03 сәуір 2018 ж. 3 011 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 112

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930