Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бишілер белесі

Бишілер белесі

Өткен жұмада аудандық мәдениет орталығында би ұжымдарының шығармашылығын шыңдау мақсатында «Айгөлек» бишілер байқауы өтті. Сайыс ережесі бойынша жоғарғы және төменгі жас ерекшеліктегі би топтары ұлттық нақышта және еркін тақырыптағы қойылымдарын ұсынды. Онда кәсіпқой және әуесқой бишілерден құралған 100-ден аса талапкер қатысты. Сынға түскен өнерпаздар қазақ жерінің бітім-болмысын, ел жетістіктерін суреттейтін сюжеттерді қабыстырып, өз шеберліктерін ортаға салды.
Байқауда қазылар алқасы қатысушылардың би құрылымына, киім үлгісіне, тақырыпты аша білуіне және би қоюшының сауаттылығына баса назар аударды.
Би – бишінің табиғаты мен жан дүниесіне сәйкес келгенде ғана көрерменнің жүрегіне жол тарта алады. Жарыс барысында көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленген №249 мектеп-лицей би тобы мен Абай ауылынан келген балдырғандықтар сахнаға шыққан сәттен-ақ жиылғандарды өзіне баурап алды. Нәтижесінде бас жүлдені жеңіп алды. Бірлік аулының «Назқоңыры» мен аудандық мәдениет орталығының «Ақжелең» би тобы бірінші орын тұғырынан көрінді. Екінші орынды «Қазына», «Жауқазын», «Балауса» және «Томирис» топтары иемденді. Ал «Айару», «Балбөбек», «Гүлдер», «Іңкәрім-ай», «Еркеназ» және «Арулар» би тобы үшінші орынды қанжығасына байлады.
Жеңімпаздарға арнайы Дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
А.ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ.
26 ақпан 2018 ж. 3 435 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 39

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 36

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 34

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031