Мәдениетке құрмет – өркениетке қадам
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын ұжым болып тыңдадық. Онда Президент пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытып, ұйыстыруға бағытталған бастамаларын жариялады.
Мемлекет басшысы Жолдаудың негізгі басымдықтарын айқындап, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру – өзінің Президент ретіндегі басты мақсаты екенін атап өтті.
Жолдауда бұл мақсатқа жету үшін 5 негізгі бастама атап айтылды. Осы бастамалардың төртіншісінде Президент 2022 жылдан 2025 жылға дейін мәдениет қызметкерлерінің, мұрағатшылардың, кітапханашылардың, техникалық қызметкерлердің, қорықшылардың, көлік жүргізушілерінің және басқалардың жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 процентке өсіруді тапсырды. Бұл біз үшін үлкен қолдау болып табылады.
«Өнерсіз тіршіліктің шырағы өшеді» деп М.Әуезов айтқандай, өнер мен мәдениет егіз ұғым. Өнер мен мәдениетті ұштастыру мақсатында тәтті әуен мен күмбірлеген күй, әуезді әнмен үйлесім тапқан ырғақты би, рухани байлық сыйлайтын театр, кітапхана бәрі де осы мәдениет ұғымы аясында бірігіп, елге қызмет етіп келеді. Мәдениетке серпін беру шындығында да қажет.
Бижан ҚҰРМАНБАЙ,
Мәдениет саласының қызметкері
Мәдениет саласының қызметкері