Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдауда білім саласына қолдау көп

Жолдауда білім саласына қолдау көп

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жыл сайынғы дәстүр бойынша Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жолдады.
Президентіміздің бұл жолғы Жолдауы – өткенге есеп беріп, ертеңгі бағытты айқындайтын аса маңызды тарихи оқиға болды. Ал, оның Білім күнімен тұспа-тұс келуі біздер, яғни ардагер ұстаздар үшін ерекше мәнге ие болып отыр. Осы жолғы Жолдауда да көптеген өзекті мәселелер назарға алынды. Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын әлдендіруге, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жаңа шешімдерді естіп өзбасым қуандым.
Бүгінде зейнет жасында болсам да ардагер-ұстаз ретінде, "Білім саласына қатысты не айтылар екен?" деп елеңдеп отыратыным рас. Пандемия жағдайындағы білім беру үрдісін сапалы жүргізу үшін билік тарапынан үнемі қолдау көрсетіліп келеді. Былтырғы Жолдауда сөз етілген педагогтердің әл-ауқаты мен беделін арттыру жолындағы жұмыстар жалғаса түседі. Жан-жақты демеу тұрмысы төмен отбасындағы балаларға да көрсетілетіндігі қуантты.
Сондай-ақ, материалдық қолдау шаралары "Цифрлық мұғалім" білім беру жобасымен толықтырылғалы отырғандығын аңғардым. Оның сыртында, елде оқушыларға орын жетіспеу мәселесін шешу үшін 1000 мектеп салу міндетін алға қойып отыр. Ауылдық елді мекендердегі білім беру ісіне білікті жас мамандарды тарту, ынталандырудың маңызына да ерекше тоқталды. Және «Мұғалімдерді моральдық және материалдық жағынан көтермелеу қажет», - деді Президент.
"Білім беру жүйесіне ынталы және білікті мұғалімдер қажет. Менің ойымша, мұғалімдерді қайта даярлау қазіргідей бес жылда емес, үш жылда бір рет жүргізілуі керек", - деген ұсынысы да құптарлық жай деп ойлаймын. Әсіресе қазіргі замандағы қызмет ететін ұстаздар қауымы үшін жаңашыл, білікті болуы шәкірт тәрбиелеуде аса қажет деп есептеймін.
Бір сөзбен айтқанда, осы жолғы Жолдауда ел азаматтарының көкейіне үміт ұялатып, құлшынысын арттырарлықтай маңызды басымдықтар айтылды. Қолдап-қоштауға татырлық дүниеде көп десем болады.
Құлмұратова Жанзира
Зейнеткер,
Жоғары санатты ұстаз
01 қыркүйек 2021 ж. 591 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930