Мәдениет қызметкерлеріне қолдау көрсетілді
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын ұжым болып тыңдадық. Жолдауда Президент пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған бастамаларын жариялады.
Мемлекет басшысы Жолдаудың негізгі басымдықтарын айқындап, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру – өзінің Президент ретіндегі басты мақсаты екенін атап өтті.
Жолдауда бұл мақсатқа жету үшін 5 негізгі бастама атап айтылды. Осы бастамалардың төртінші бастамасында Президент 2022 жылдан 2025 жылға дейін мәдениет қызметкерлерінің, мұрағатшылардың, кітапханашылардың, техникалық қызметкерлердің, қорықшылардың, көлік жүргізушілерінің және басқалардың жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіруді тапсырды. Бұл біз үшін үлкен қолдау болып табылады.
«Өнерсіз тіршіліктің шырағы өшеді» деп М.Әуезов айтқандай, өнер мен мәдениет егіз ұғым. Өнер мен мәдениетті ұштастыру мақсатында тәтті әуен мен күмбірлеген күй, әуезді әнмен үйлесім тапқан ырғақты би, рухани байлық сыйлайтын театр, кітапхана бәрі де осы мәдениет ұғымы аясында бірігіп, елге қызмет етіп келеді. Мәдениетке серпін беру шындығында да қажет деп ойлаймын.
Құрманбай Бижан
Мәдениет саласының қызметкері
Мәдениет саласының қызметкері