Рухани жаңғыру – ұлттық тәрбие көзі

Аудандық ардагерлер мен әйелдер кеңесі, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы аппаратының қызметкерлері, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен БАҚ өкілдері қатысқан шараны «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан ашты.
Жиында «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық қоғамдық кеңес мүшелері – «Сыр Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Аманжол Оңғарбаев, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін көтеру институты «Өрлеу» АҚ облыстық бөлімшесінің меңгерушісі Баймырза Қожамберлиев, «Рухани жаңғыру» аймақтық орталығының директоры Нұрлыбек Мыңжас және аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов сөз сөйлеп, Елбасы, «Nur Otan» Партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарламасы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы міндеттердің жүзеге асуына біркісідей атсалысуға шақырды.
Гүлдәрі ИМАНАЛИЕВА