Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ержан Максим Польша мен Қазақстанда жеке концерт береді

Ержан Максим Польша мен Қазақстанда жеке концерт береді

Eurovision Junior 2019 байқауының екінші орын жүлдегері Ержан Максим Польша мен Қазақстанда жеке концерт беретін болды.

Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында әншінің анасы Гүлмира Әлібек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Концерт туралы ұсыныс Польша елшілігінен түсті. Әзірге бұл мәселені жан-жақты қарап жатырмыз. Халық Ержанның өнерін жоғары бағалап отыр. Шамамен 2020 жылдың наурызына жоспарлап отырмыз. Бұл оның жеке концерті болады. Мұндай шраларды ұйымдастыру оңай емес. Әрине, барлық командамызбен ақылдасатын боламыз», - деді ол.

Оның айтуынша, Ержан Максимнің жеке концерті Қазақстанда Орал қаласында өтеді. Концерт жазға жоспарланған. Еске сала кетсек, Польшада өткен «Junior Eurovision-2019» ән байқауында бақ сынаған қазақстандық Ержан Максим екінші орын алған болатын. Қазылардың берген бағасы бойынша Ержан Максим бірінші орын алды. Ал онлайн дауыс беру қорытындысымен 79 ұпай жинады. Осылайша, қазақстандық әнші жалпы 227 ұпаймен екінші орын алды. Байқаудың бас жүлдесін 278 ұпай жинаған Польша өкілі Вики Габор жеңіп алды. Айта кету керек, жас өнерпаз Алматыға бүгін түнде ұшып келді.

Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ержан Максимді ән байқауындағы жүлдесімен құттықтағаны хабарланған болатынбыз. Көк туды желбіреткен жас әншіні Димаш Құдайберген де құттықтап, Instagram парақшасында «Құлыншақ, жеңісің құтты болсын! Екінші орын емес, мен үшін бірінші орын деп білемін!!! Жарайсың балапан!!!» деп жазды. Өз кезегінде Ержан Максим қазақстандықтарға алғысын айтты. «Құрметті достарым, апа-ағаларым, ата-әжелерім. Маған дауыс бергендеріңіз үшін көп-көп рахмет! Осы жеңіске сіздердің арқаларыңызда жетіп отырмын», - деп жазды әнші.
syrboyi.kz
27 қараша 2019 ж. 614 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 93

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930