Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу басталғанын хабарлап, ондағы жаңа талаптарды атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерлан Қарин Telegram-дағы парақшасында жуықта Президенттік жастар кадр резервіне екінші қабылдау басталатынын жазды.

Айтуынша, бүгін Мемлекет басшысы «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері» туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлыққа қол қойған.

«Резервке екінші іріктеуге 35 жасқа дейінгі, жоғары білімі бар және еңбек өтілі 5 жылдан кем болмайтын жастар қатыса алады.

Сондай-ақ жаңа іріктеу шеңберінде үміткерлердің мемлекеттік тілді орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде меңгергені туралы сертификаттың болуы туралы талап енгізілді», деді Президентің көмекшісі.

Оның жазбасында айтылғандай, кандидаттарды іріктеу арнайы ақпараттық жүйе арқылы бірнеше кезеңде жүргізіледі:

Құжаттарды қабылдау (онлайн);
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау (онлайн);
Ситуациялық тапсырмаларды шешу (онлайн);
4.Құзыреттерді бағалау (офлайн);

Сараптамалық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу (онлайн);
Ұлттық комиссияның отырысында қарау (алдын ала онлайн).
Үміткерлер резервке 3 жылға қабылданады.

«Бүгінгі таңда Президенттік жастар кадр резервінің алғашқы легінен шыққан 179 жас маман мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компанияларға қызметке тағайындалды. Осылайша, Президенттік Жастар кадрлық резерві өзінің басты міндеті – жас мамандар үшін тиімді әлеуметтік лифт құру міндетін іске асыруда», деп жазды Ерлан Қарин.




28 мамыр 2021 ж. 574 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 180

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 168

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 161

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930